Fake News

Қаны II топқа жататын адамдар коронавирус жұқтырады – фейк

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында қаны ІІ топқа жататын адамдар COVID-19 инфекциясына жиі ұшырайды және оны басқаларға қарағанда ауыр көтереді деген ақпараттар жариялануда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қан тобы мен коронавирустық инфекцияның арасындағы болжамды байланыс туралы айтқан барлық жаңалық порталдары зерттеу жарияланған MedRXiv.org сайтына сілтеме жасайды. Айта кетейік, барлық дереккөздерде нақты мақалаға емес, порталдың өзіне ғана сілтеме көрсетілген.

MedRXiv.org – медицина және биология саласындағы алдын ала, клиникалық расталмаған медициналық зерттеулерді ашық түрде жариялауға арналған платформа. Сайтта жарияланған мақалалар сенімді деп саналмайды немесе клиникалық нұсқаулық ретінде пайдаланылмайды деген ескерту бар. Жалпы алғанда, Интернеттегі мұрағатта жарияланған барлық зерттеулер ауқымды клиникалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін расталуы немесе жоққа шығарылуы керек теориялар болып табылады.

БАҚ-қа сілтеме жасаған мақалада ғалымдар «Ухань мен Шэньчжэньдегі үш аурухананың COVID-19 расталған 2173 пациентінен талдау алған, оның ішінде 206-сы коронавирустан қайтыс болған адамдардікі» делінген.

2020 жылы Жер халқы шамамен 7 817 410,000 адамды құрайтынын ескерсек, бұл іріктеу ғылыми тұрғыдан сенімді қорытынды жасау үшін жеткіліксіз.

Сонымен қатар, MedRXiv.org сайтында қан тобы мен COVID-19 жұқтыру ықтималдығы арасындағы байланысты жоққа шығаратын басқа да зерттеулер бар.

Жаңа коронавирустың табиғатын жақсы түсіну үшін әлемдік ғалымдар оның барлық ықтимал белгілері мен аурудың өршуіне әсер ететін факторларды зерттеуге тырысады. Мамандар КВИ мен пациенттердің гендерлік байланысын, COVID-19-дан зардап шеккендердің ілеспе аурулары мен биометриялық деректерін және әртүрлі жас және этникалық топтарға жататын пациенттер туралы басқа да ақпаратты зерттеуде. Дегенмен, бұл зерттеулердің барлығы тек теория жүзінде ғана қала береді және клиникалық дәлелдері жоқ.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button