Fake News

Ақтөбе облысының дәрігері атынан What’sApp-та вакциналардың зияны туралы жалған хабарлама таратылуда

What’sApp мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың жақында қайтыс болатыны туралы болжам айтылған хабарлама тарады. Автор өзін Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы Шапағат клиникасының бас дәрігері Аманжол Адаевпын деп таныстырады. Бұл фейк.

Таратылған аудиохабарламада 2021 жылдың күзінде COVID-19 вакцинасын алған адамдар жаппай өле бастайды делінген. Автор вакцинациядан бас тартуға және дәрігерлердің үндеуіне сенбеуге шақырады. Бұл ретте, автор өзін хирург, ӨМА қауымдастырылған профессоры, Қандағаш қаласы Шапағат клиникасының бас дәрігері Аманжол Шүңгүлұлы Адаевпын деп таныстырады.
Шындығында, профессордың вакцинацияның зияны туралы хабарламаға еш қатысы жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

– Бұл аудиохабарлама шындыққа жанаспайды. Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы Шапағат клиникасының бас дәрігері өзінің атынан вакцинациядан бас тартуға қатысты аудиожазба тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына, сондай-ақ ар-намысы мен абыройын қорғау үшін сот инстанцияларына өтініш білдірді, – деді ведомстводағылар.

Дәрігердің өзі жауап ретінде дыбыстық хабарлама жазып, ешқашан вакцинацияға қарсы болмағанын, керісінше оны көптеген қауіпті аурулардың алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі деп санайтынын айтады.

Сондай-ақ Аманжол Адаев бастапқы хабарламада өз дауысынан өзгеше дауыс естілгенін атап өтті.

Демек, таратылып жүрген аудиохабарлама өтірік және қолдан жалған. Автор өзін дәрігер ретінде таныстырып, бұрын жоққа шығарылған конспирологиялық теорияларын таратады.

Фейк: «COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар өледі немесе аутоиммундық аурулардан зардап шегеді»

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button