Жаңалықтар

Фейк: «Жоғарғы сот вакцина өндірушілердің екпе салдырғандардың гендерін иеленетінін растады»

Қазақстандықтар АҚШ Жоғарғы Соты тірі адамдарға патент беру мүмкіндігін растады деген хабар таратуда. Пайдаланушылар вакцина өндірушілер COVID-19 қарсы вакцина алған адамдардың гендерін иеленеді деп жазуда. Бұл фейк.


Хабарлама мРНК платформасында жасалған вакциналар адамның ДНҚ өзгертеді деген теорияға негізделген. ДНҚ өзгергендіктен және ол табиғат жаратқаннан өзгеше болғандықтан, оны патенттеуге болады екен. Бұл мүлдем дұрыс емес.
Біріншіден, мРНҚ вакциналары адамның немесе жануардың ДНҚ араласып, өзгерте алмайды. мРНҚ вакциналар құрамында SARS-CoV-2 коронавирусының матрицалық РНҚ болады және соның арқасында реципиенттің ағзасында иммундық жауап пайда болатындықтан осылай аталады. Бұл ретте вакцина компоненттері адамның ДНҚ-мен өзара әрекеттеспейді. Бұл Pfizer-BioNTech шығарған мРНК вакцинасының адамдарға клиникалық сынақтары басталғалы бері бір жылдан астам уақыт өткендігімен расталады.
Осы уақыт ішінде препаратты салдырған бірде-бір адамда ДНҚ өзгерістері тіркелмеген.
Екіншіден, АҚШ заңына сәйкес, адам гендерін патенттеуге тыйым салынады. Бұл шешімді АҚШ Жоғарғы Соты 2013 жылғы 13 маусымда Myriad Genetics, Inc компаниясына қарсы Молекулалық патология қауымдастығының ісінде шығарған. Осы шешім қабылданғанға дейін АҚШ-та шамамен 4300 адам гені патенттелген. 2013 жылғы прецеденттен кейін барлық осындай патенттер күшін жойды.
АҚШ Жоғарғы Соты бұл шешімнің күшін жойғаны туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында жоқ. Сондай-ақ, бұл шешімнің күшін жою туралы Жоғарғы сот қараған патенттер туралы бірде-бір істе айтылмаған.

Сонымен қатар, вакцина алған кезде, оның ішінде COVID-19-ға қарсы екпе салдырғанда, адамнан ДНҚ үлгісі алынбайды, яғни вакцинацияланған адамдардың гендері бар мәліметтер базасы жоқ.
Қазақстанда мРНҚ вакциналары қолданылмайды. Елімізде вакцинациялау үшін аденовирустық вектор негізінде ресейлік «Спутник-V», отандық инактивтендірілген QazVac вакцинасы және құрамында инактивтендірілген всирус бар Hayat Vax қытайлық препараты қолданылады.
Осылайша, ДНҚ өзгертілгендіктен вакцинацияланған адамды патенттеуге болады деген теория – жалған. Вакциналар адам геномына әсер ете алмайды, ал адам гендерін патенттеу заңсыз болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button