Fake News

Фейк: «Үндістанда адамдар 5G бағаналарын өртеуде»

Telegram-да қазақстандықтар 5G форматындағы байланыс бағаналары өртеніп жатқан видеоны таратуда. Оқиға Үндістанда орын алған. Бағананы адам денсаулығына зиян келтіретіндіктен әдейі өртеген екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Таралған видео 2018 жылы Гоада түсірілген. Ол кезде Үндістанда 5G желілері әлі болмаған. Олар алғаш рет 2022 жылғы 1 қазанда іске қосылды.
Демек, видеода 5G емес, әдеттегі ұялы байланыс бағансы жанып жатыр. Сондай-ақ, үнді бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оны ешкім өртемеген, өрт өздігінен шыққан. Тілсіз жау құрылысты бірден шарпып, жойып жіберген.
5G форматындағы байланыс адам денсаулығына қауіпті деген теория дәлелсіз және конспирологияға негізделген. Жобаның қауіпсіздігін ғалымдар мен сарапшылар растады. 5G қауіпсіздігі бойынша тәуелсіз зерттеуді Халықаралық иондаушы емес сәулеленуден қорғау комиссиясының (ICNIRP) және Еуропалық Парламенттің мамандары да жүргізді. Олар технология адам денсаулығына қауіпті емес деген қорытындыға келді.

Демек, таратылған хабарлама өтірік. Видеода 2018 жылы әдеттегі ұялы байланыс бағанасында орын алған өрт көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button