Fake News

Фейк: «Вакциналар балалар арасында өлім қаупін арттырады, паралич пен бедеулікке әкеледі»

Мессенджерлерде безгекке, сіреспеге, көкжөтелге және басқа ауруларға қарсы вакциналардың зияны туралы бірқатар жалған мәлімдеме тарады. Вакциналар жүздеген адамды сал қылып, балалар арасындағы өлім-жітімді 10 есе арттырған екен. Мұның бәрі өтірік.


Шын мәнінде, постта келтірілген барлық мәлімдемелер – фейк. Оларды ретімен талдап шығайық.
1. АКДС вакцинасы балалар арасында өлім қаупін 10 есе арттырады
Бұл кейбір ғалымдар кенеттен сәби өлімі синдромы (КСӨС) мен вакцинацияны байланыстыруға тырысқаннан кейін пайда болған ескі миф. КСӨС – бұл бір аптадан бір жылға дейінгі дені сау нәрестелерде кенеттен тыныс алудың тоқтауы немесе жүрек ұстамасы.
КСӨС алдымен АКЛДС вакцинасымен байланыстырылды, өйткені мұндай алғашқы вакцина екі айлық балаға жасалады. Яғни вакцинация кезеңі КСӨС қаупі жоғары кезеңмен сәйкес келеді.
Алайда, кейінгі зерттеулер вакцина мен аурудың арасындағы байланысты растамады. 
«Шын мәнінде, 1980 жылдары бірқатар жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген кезде, зерттеушілер бірауыздан АКДС қарсы вакцинациямен уақытша байланысты КСӨС-тен болған өлім саны кездейсоқ күтілетін диапазонда болатындығын анықтады. Басқаша айтқанда, нәресте ешқандай вакцинация жасалмаса да КСӨС-тен өліп кетуі мүмкін»,- делінген ДДСҰ сайтында. 

2. Үндістанда 490 000 бала вакцинадан сал болды
Бұл фейкте Билл Гейтс демеушілік жасаған полиомиелитке қарсы егу науқаны салдарынан 490 000 бала сал болып қалғаны айтылады. Бұл ақпараттың дереккөзі танымал вакцинацияға қарсы адам және екпелер туралы фейк ақпарат таратушы – Роберт Ф.Кеннеди. Үндістанда жарты миллионға жуық баланың сал болып қалғанына ресми дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметтері бойынша, 2014 жылы Үндістанда полиомиелит толығымен жойылды. 

3. Африкада безгекке қарсы вакцинадан 150 бала көз жұмды.
Бұл тезисте де ешқандай дәлел жоқ. Африкада сыналған безгекке қарсы вакцина шынымен күтілген нәтиже бермеді. Алайда, бұл нәрестелер қайтыс болғандықтан емес, оның тиімділігі небәрі 30% құрады.
Африкадағы вакцина сынақтары туралы бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жазды және бірде-бір ірі және беделді басылымда бұл препараттың балалар өлімінің және ауыр аурулардың туындауына себеп болды деген ақпарат жарияланған жоқ. 

4. Менингитке қарсы вакцинадан 50 адам сал болды
2020 жылдың мамыр айында AfricaCheck порталы бұл теорияны ресми түрде жоққа шығарды.  Мақалада бұл фейк The ZazenLife басылымындағы жалғыз жарияланымға негізделгені айтылады. Кейіннен бұл жайлы басқа бұқаралық ақпарат құралдары да жазып, кем дегенде 40 бала вакцинаның белгісіз салдарынан зардап шегуде деп хабарлады. Белгілі болғандай, жаппай дүрлігу орын алды. Себебі, егу науқаны басталғанға дейін балалар мен ата-аналардың көбі вакцина алудан қорқып, теріс көзқарас танытқан. Ақыр соңында, БАҚ хабарланған балалар жазылып шықты, олардың бойынан сал ауруы анықталмады. Африкадағы осы егу науқаны аясында жалпы 7,9 миллион адам егілді. Ғылыми резекцияланған The Lancet журналында жарияланған зерттеу вакциналар түсініксіз «аурудың» өршуіне себеп болмағанын растады.

5. Кенияда вакциналардың көмегімен миллиондаған әйелді зарарсыздандырған
Бұл фейкті де AfricaCheck порталының фактчекерлері жоққа шығарды. Олардың материалында жазылғандай, қауесет 1994 жылы Үндістанда жүргізілген зерттеуге негізделген. Оның мақсаты жүктілікке қарсы заттарды сынау болды. Бұл дәрі-дәрмектің құрамында жүкті болуға қажетті гормонның бөлігі – адам хорионикалық гонадотропині болған. Зерттеуде АХГ тасымалдаушысы ретінде сіреспе токсиніне ұқсас ақуыз қолданылды. Бұл ақуыз АХГ-ны бейтараптандырды және жүктіліктің алдын алған, бірақ бұл процесс қайтымды болған.
Түсік тастауға қарсы америкалық ұйым Ватиканның қолдауымен бұл ақпаратты Конгресті Мексикадағы сіреспеге қарсы вакцинация бағдарламасына қатысты тергеу жүргізуге шақыру үшін пайдаланды. Human Life International сіреспеге қарсы салынып жатқан вакцина құрамында әйелдерді бедеу ететін АХГ болған. Шын мәнінде, сіреспеге қарсы вакцинада АХГ гормоны жоқ және болмаған. Мұны ДДСҰ растады.

Яғни, вакцина бедеулікке әкеледі деген қауесет вакциналарға, нақтырақ айтқанда сіреспе анатоксиніне ешқандай қатысы жоқ ғылыми зерттеулерге негізделгені.

Демек, келтірілген мәлімдемелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button