Fake News

Қазақстандықтарды қорқытқан сарбаздың видеосының ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орнына жетіп, «қымыз ішіп отырмын» деп айтқан сарбаздың видеосы таралып жатыр. Одан әрі ол «майданшылдар» керек емес деп қазақстандықтарды қорқытады. Бұл роликтің ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ.


Арандатушылық видеоны жариялаған кейбір Telegram-арналардың хабарлауынша, видео NEXTA арнасынан тараған. Онда бұл видео бар, бірақ оны «арандатушылар таратқан» деп жазылған.
Кейінірек арнада видеоның фейк екендігі айтылған тағы бір ақпарат шықты.
– Видеодағы адамдардың ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ. Оны таратқан адамдардың қандай мақсаттарды көздегені белгісіз, – делінген мәтінде. 
Видеодағы сарбаздың ҰҚШҰ күштерімен келгенін растау мүмкін емес. Кадрда кейіпкердің әскери қызметші екенін дәлелдей алатын ешқандай сәйкестендіру белгілері, қоршаған орта немесе басқа белгілер көрінбейді.
Қазіргі уақытта видеоны толығымен тексеру мүмкін емес, бірақ оны манипуляция деп санауға болады. Сондай-ақ, видео Желіде жарияланған кезде Қазақстанға бітімгерлердің келуі туралы деректер әлі болмағанын атап өткеніміз жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button