Fake News

Фейк: «Балаларды мектептерге COVID-19-ға ПТР-тесттің теріс нәтижесімен ғана жібереді»

Telegram мессенджерінде жаңа оқу тоқсанынан бастап балалар COVID-19-ға ПТР-тесттің теріс болған жағдайда ғана мектепке жіберілетіні туралы хабарламалар таратылуда. Бұл жалған.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Мұның бәрі фейк. Қазіргі уақытта балалар демалыста. Жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Мектеп оқушыларын ПТР-тестілеу бойынша мәселе қаралып отырған жоқ және қаралмайды, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Ashyk жүйесінде «жасыл» статусы бар оқушыларды ғана мектептерге жіберетіні туралы фейк тараған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button