СұхбатМедициналық фейктерЖаңалықтар

«Антибиотиктер және фейктер» – м. ғ. д. Виллен Молотов-Лучанский мифтерді әшкерелейді

 

Қазақстандық пайдаланушылар гентамициннің балалар үшін қауіптілігі туралы хабарламаны жаппай таратуда. «Өлімге әкелетін» тағы бір антибиотик – азитромицин. Бұл ретте кейбір блогерлер өз аккаунттарының парақшаларында бұл препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз қабылдауға шақырады. Әсерлі тақырыптар мен аңдатпалардағы ақпаратты тексеру үшін Stopfake.kz медицина ғылымдарының докторы Вилен Молотов-Лучанскиймен бірге антибиотик дегеніміз не, оны қалай қолданады және адамдарға тигізетін зияны туралы материал дайындады.

Антибиотиктер дегеніміз не?

Антибиотиктер – бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылатын дәрілер тобы. Олардың міндеті – микроағзаларды жою немесе олардың көбеюін тоқтату, бұл табиғи қорғаныс механизмдерін жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі ғылымда ДДСҰ терминологиясында антибиотиктерді «микробқа қарсы препараттар» деп атайды.

«Инфекцияларды, инфекциялық агент – бактериялардан туындаған қабыну процестерін емдейтін дәрілердің өте үлкен класы, яғни нақты бактерияларға қарсы әрекет етеді, яғни бактерияға қарсы заттар – әлемде олардың түрі өте көп. Сондай-ақ, құрылымы, химиялық формуласы жағынан ерекшеленетін антибиотиктер көп, олар түрлі кластарға жатады. Әлемді құтқарған, адамзатты ауыр инфекциялардан құтқарған антибиотиктерге риза болуымыз керек. Адамдар ауырған кезде, олар өлім аузында жатты жесек те болады. Антибиотиктердің медицина тарихында және нақты медицинада лайықты орнын тауып отырғаны да сондықтан», – дейді Молотов-Лучанский.

 

Антибиотиктер мен вирустар

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде бірер уақыт бұрын «коронавирусты емдеген Антибиотик өлімге әкеп соқтырды» деген манипуляциялық тақырыптары бар мақалалар жарияланған болатын.
Бұл ретте кез келген медициналық анықтамалықтан немесе энциклопедиядан антибиотиктер туралы іздегенде, қолданушыға вирустық ауруларды антибиотикпен емдемейтіні туралы ақпарат ұсынылатынын атап өткеніміз жөн. Олар ауру асқынған жағдайда ғана қолданылады.

«Мысалы, коронавирус инфекциясы жағдайында, олар асқынулар орын алғанда қолданылады, әсіресе егде жастағы адам болса және онда полиморбидтілік болса, яғни бір-бірін ауырлататын, бір-бірінің ағымын нашарлататын бірнеше созылмалы аурулары бар адамдарға. Бұл ретте вирустық инфекция созылмалы ауруларды, созылмалы бактериялық инфекцияны ушықтыруы мүмкін. Оның қатар өршуі ықтимал. Сондықтан қатаң медициналық кеңес бойынша антибиотиктерді тағайындау тиімді болуы мүмкін», – деп түсіндіреді м.ғ. д.

 

 

Әлеуметтік желілерді қолданушылар” өлімге әкелетін ” кең спектрлі жартылай синтетикалық антибиотик-Азитромицин деп атайды. Бұл препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) негізгі дәрі-дәрмектер тізіміне кіреді.
Препарат көптеген бактериялық инфекция қоздырғыштарына қарсы белсенділікке ие. Короновирус инфекциясы бар науқастарға коронавирус тудырған созылмалы жұқпалы ауруларды емдеу үшін тағайындалды.

Препараттың “өлім қаупі” туралы тақырыптарды Вилен Молотов – Лучанский
Вилен Молотов – Лучанский препараттың «өлімге әкелуі мүмкін» екендігі туралы тақырыптарды журналистердің америкалық ғалымдардың зерттеулеріне назар аударту ниетімен байланыстырады.

«Бұл зерттеу Америка Құрама Штаттарында жүргізілді. Оған ондаған миллионға жуық адам қатысты, бірақ бұл адамды зерттеу емес, басқа препараттармен бірге зерттелген осы препараттың әртүрлі әсерлерін ретроспективті талдау. Мысалы, безгек, хлорохин, гидроксихлорокинді емдеу үшін қолданылатын хина негізіндегі препараттармен, айта кетейін, бұл препараттар алғашқы хаттамаларда коронавирус ауруларын емдеу үшін қолданылған. Біз хина негізіндегі препараттардың әсерін білеміз. Хинин және оның туындылары, әрине, жүрек ырғағына әсер етеді.

 

 

Америкалық ғалымдар әртүрлі дәрі-дәрмектің үйлесімділігінің жүрек бұлшық етіне әсерін зерттеді, олардың кейбір жағдайларда әсер етуі мүмкін екендігі айтылды және бұл кейбір жағдайлар пациенттердің жалпы санының белгілі бір бөлігін құрады. АҚШ ғалымдары осыны атап өтті. Айта кетерелік жайт, олар өлім қаупін көрсеткен жоқ, олардың айтқаны басқа.

«Өлімге әкелуі мүмкін» бұл көбіне «публицистік» сөз деуге болады. Ғалым бұл туралы қатаң әрі қарапайым түрде айтты – қандай да болмасын инфекцияларды емдеу кезінде үйлестірілген бірқатар препараттарды тағайындағанда абай болу керек».

Гентамицин – тек көрсеткіштер болса ғана

Елімізде екпе егуге қарсылық білдірушілердің бірі сториске тағы бір антибиотик – гентамициннің қауіптілігі туралы ақпарат жариялады. Автордың айтуынша, педиатрлар бұл препаратты балаларға тағайындап, үлкен қателік жібереді.

Алайда дәрігерлердің өздері гентамицинді аса тиімді препарат деп санайды. Ол әртүрлі инфекцияларға, соның ішінде жұмсақ тіндердің инфекцияларынға қарсы әрекет етеді. Нұсқаулар мен аннотацияларда оны үш жасқа толмаған пациенттерге, кейбір дереккөздерде – екі жасқа дейін тағайындау ұсынылмайды. Жанама әсерлерін болдырмау үшін оны нұсқаулар бойынша және дәрігердің бақылауымен ғана қолдану керек.

«Тек көрсеткіштер болса ғана, яғни таңдауды дәрігер жасайды – оның пайдасы мен ықтимал кері әсерін ойлау керек. Гентамициннің нефротропиялығы мен нефротоксикалығына назар аудармайды, яғни бүйрек паренхимасына әсеріне, бұл препаратты қолдану туралы сөз болғанда, міндетті түрде бүйрек қызметін анықтайды, пациентті тексереді, немесе оған зиян келтірмеу үшін оның ауру-сырқат тарихын, ауруларын мұқият зерттейді» – дейді профессор Молотов – Лучанский.

 

Антибиотиктерден бас тарту

Сондай-ақ, м.ғ. докторы тағайындалған антибиотиктерден бас тарту қауіпті болуы мүмкін екенін айтады.

«Антибиотиктерді жұқпалы қабыну процесі өршіген жағдайда дәрігер тағайындайды және дәрігер науқастың ағзасы инфекциямен күресе алмай жатқанын және инфекцияның өршуі, мысалы, өкпеде өзгерістердің орын алуына әкелуі мүмкін екенін байқағанда тағайындалады. Расында да, ода әрі пневмония болуы мүмкін, оынң аумағы үлкейеді немесе қабыну бүйрекке тиеді – бұл да өте қауіпті және бүйрек функциясының жоғалуына әкелуі мүмкін».

 

 

Антибиотиктерді бақылаусыз қабылдаудың жанама әсері

Ғалымдар, ДДСҰ және медицина қызметкерлері халыққа антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз бақылаусыз қабылдаған жағдайда, олардың зиян келтіруі мүмкін екенін еске салады. Антибиотиктердің көмегімен өз бетінше емделу аурудың клиникалық картинасын бұрмалайды, диагноз қоюды қиындатады және аурудың созылмалы түрге өтуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, инфекция қоздырғыштары штаммының бактерияға қарсы препараттардың әсеріне немесе антибиотикке төзімділікке тұрақтылық пайда болады.

«Антибиотикке төзімділік бұл медицина үшін, адамзат үшін маңызды мәселе. Антибиотиктерді бақылаусыз рационалды емес қолдану белгілі антибиотиктерге, антибиотиктердің белгілі топтарына төзімді бактериялардың қалыптасуына әкелуі мүмкін», – дейді Молотов-Лучанский.

 

 

Антибиотиктер – бактерияларға қарсы маңызды қару және оларды ақылмен, нұсқауларды сақтай отырып, тек дәрігердің нұсқауымен ғана қолдану керек. Әлеуметтік желілерде арандатушылыққа бой алдырмаңыз және өзіңіз тарататын хабарламаларға мұқяит болыңыз.

Бізді Telegram-арнадан оқыңыз

Басқа жаңалықтар

Back to top button