Fake News

«COVID-19 өлім-жітім көрсеткіші өте төмен, локдаун жариялағаннан гөрі ұжымдық иммунитет қалыптастырған дұрыс» – фейк

Қазнетте дәрігер Эрик Бергтің коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітім өте төмен екендігі туралы бейнеролигі таратылуда. Оның айтуынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бірқатар мемлекеттерде жалпы локдаун жариялаудан гөрі әлдеқайда тиімді стратегия. Бұл теорияның дұрыс емес жеріне тоқталайық.

Біріншіден, дәрігер Берг вирусолог емес. Ол кетодиета мен аралық ашығу туралы кітаптарын сату арқылы танымал болды. Айта кетейік, салмақ жоғалтудың екі әдісі де тиімді, бірақ қауіпті және қарсы көрсетілімдері көп. Кетодиета мен және аралық ашығуды дәрігердің нұсқауымен ғана ұстану ұсынылады. 

Дәрігер Эрик Берг вирустық аурулардың табиғаты мен оларды емдеу әдістері туралы беделді мәлімдемелер жасау үшін қажетті біліктілікке ие емес деген қорытынды жасауға болады.
Екіншіден, COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің төмен екендігі туралы мәлімдемеде ешқандай дәлел жоқ. Керісінше, зерттеулерге сәйкес, жағдайлардың 3-4%-ы коронавирустық инфекциядан болады. Бүгінгі таңда КВИ-ден 1,3 млн-нан астам адам көз жұмған. Салыстыру үшін, 2017 жылы туберкулезден 1,6 миллион адам қайтыс болды.
Үшіншіден, видео авторы «позитивтілік коэффициенті, яғни бір науқас індетті жұқтыруы мүмкін адамдар саны» төмендегенін хабарлайды. Бұл мәлімдеме толығымен жалған. Позитивтілік коэффициенті – иммуноферменттік талдау нәтижелерін түсіндіруде қолданылатын термин. Бұл пациент сынамасының оптикалық тығыздығының шекті мәнге қатынасын білдіреді.
Бір науқас ауру жұқтыруы мүмкін адамдар саны репродуктивті сан деп аталады. COVID-19 ол 2-2,5 аралығында. Ауру анықталған сәттен бастап бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.
Төртіншіден, COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру идеясы ДДСҰ-да бұрыннан талқыланып келеді және күмәншілдікке тап болды.
– Соңғы кездері ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вирустың таралуына қарсы күрестен бас тарту тұжырымдамасы талқыланып жатыр. «Ұжымдық иммунитет» ұғымы вакцинациялауға қатысты қолданылады. Яғни, халықтың бір бөлігіне қандай да болмасын вирусқа қарсы екпе жасау арқылы нақты бір шекті мәнге қолжеткізгеннен кейін басқаларын қорғау. < … > Былайша айтқанда, ұжымдық иммунитет адамдарды вирустың әсеріне ұшыратқанда емес, одан қорғағанда қалыптасады. Қоғамдық денсаулық сақтау тарихында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, пандемияны айтпағанда, ешқашан індетке қарсы әрекет етудің тәсілі болған емес. Бұл ғылыми және этикалық тұрғыдан күмәнді», – деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс 12 қазанда өткен брифингте.

Дәрігер Берг мысал ретінде келтіріп өткен карантиннен бас тартып, коронавирустық инфекцияны «жеңген» Швецияның тәжірибесін де сәтті деп айту қиын. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында елде 51 405 адам қайтыс болды. Бұл 1869 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш — сол кезде 55 431 адам ашаршылық құрбаны болды, деп хабарлайды елдің Статистика кеңсесі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, коронавирустан 6 057 швед көз жұмған, яғни әр жүз мың адамға шаққанда 60,7 адам ауруды жеңе алмады. Бұл Еуропадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жалпы, елде 162 240 адам індетті жұқтырған.
Адам шошытарлық статистиканы ескере отырып, Швеция үкіметі пандемияға қарсы стратегияны өзгерту туралы шешім қабылдады және осы жылдың 19 қазанынан бастап шектеулер енгізді. 

Дәрігер Берг келтірген әлем бойынша COVID-19 өлім-жітімнің төмендеуі туралы мәліметтерді сенімді деп санауға болмайды. Аралық ашығу концепциясының авторы статистиканы немен салыстырғанын және өлімнің қай мерзімде төмендегенін айтпайды. Сонымен қатар, ол сәуір-қазан айларындағы бірлескен статистикаға сүйенеді. Коронавирус штаммының тек 2019 жылдың желтоқсанында ғана анықталғанын және COVID-19 2020 жылдың наурызында жарияланғанын ескере отырып, дәрігер бастапқы мәліметтері әртүрлі бірдей емес уақыт аралықтарын салыстырып отыр.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button