Жаңалықтар

Фильмнің трейлері Рим Папасы қатысқан барлық түсірілімдердің жалған екендігінің дәлелі

StopFake.kz Telegram арнасының жазылушылары Ватиканда репортаждар мен ғибадат ету рәсімдерін түсіру процесі көрсетілген видеоны жіберді. Қысқа ғана видео Рим Папасының, Әулие Петр алаңындағы жұртшылықтың және Сикстин Капелласындағы ғибадат ету рәсімдерінің барлығы шын мәнінде «жасыл экранда» түсірілген заманауи кинематографияның жемісі екенін дәлелдейді екен. Бұл манипуляция.

Telegram арнаға жіберілген видео – 2019 жылы үлкен экранға жол тартқан «Екі Папа» фильмінің промо-ролигі. Сюжетте Рим Папасы Франциск пен Бенедикт XVI туралы баяндалады. Олардың рөлдерін сәйкесінше, Джонатан Прайс және Энтони Хопкинс сомдаған.
Фильмді жасау кезінде жасыл хромакейдің қолданылғаны рас, себебі кейбір шіркеулердің ішінде түсіруге тыйым салынған, ал Ватикан жерінде туристер көп болатындықтан оны түсіру мүмкін емес. Қала-мемлекетті заманауи технологиялар арқылы қалпына келтіру туралы видео фильм премьерасы қарсаңында БАҚ-та жарияланды. Бүгінде қастандық теориясын жақтаушылар дәл осы видеоны таратуда.
Рим Папасына қатысты бірнеше қастандық идеясы бар. Бұған дейін оның Киелі кітапты өзгерткені және «вакцина алмағандарды жұмаққа кіргізбейтінін» мәлімдегені жайлы қауесеттерді жоққа шығарған болатынбыз.

Рим папасы «вакцина алмағандар жұмаққа түспейді» деп мәлімдемеген

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button