Fake News

Рим Папасы Франциск Киелі кітапты өзгерткен жоқ

Telegram арналарында Рим Папасы Франциск Киелі кітапты ескірді деп, оның орнына жаңа кітап жасауды ұсынды деген хабарлама тарады. Бұл пост ескі фейк болып шықты.

Рим Папасы Францисктің Киелі кітапты өзгертуі туралы жазбалар 2018 жылы сәуір айында тараған.  Бүгінде олар Facebook-те жалған ақпарат деп белгіленген.

Жаңа хабарламалардың үш жыл бұрын таратылғаннан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Онда «Рим Папасы Франциск бүгін Киелі кітап толығымен ескірді және түбегейлі өзгертуді қажет етеді деп мәлімдеп, әлемді таң қалдырды» делінген. Хабарламада мәлімдеме жасалған күн мен орны көрсетілмеген.

Сондай-ақ, сол кезде авторлар Рим Папасы жаңа кітап жасауды ұсынды, ол «Киелі кітап 2000» деп аталуы мүмкін деп айтқан еді.
Әрине, ресми дереккөздерге сілтемелер жоқ. Осындай маңызды оқиға туралы әлемдік ресми БАҚ, соның ішінде Vatican News-тің хабарламағаны таңқаларлық жайт.

Stopfake.kz бұл хабарлама алғаш рет There is news сайтында 2018 жылғы 2 сәуірде жарияланғанын анықтады. Беттің соңында басылым жаңалық ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды деп ескертеді. Айта кетейік, басылымның ұраны «not real, but so funny» – «шынайы емес, бірақ күлкілі».

Pope Francis cancels The Bible and proposes to create a new book

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button