Жаңалықтар

Фейк: «Қазақстанда марқұмдарға COVID-19-ға қарсы вакцина салынады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінің қатысушылары елімізде өлі адамдардың COVID-19-ға қарсы егілетіні туралы хабарлама таратуда. Бұл процедура міндетті болып табылады және марқұмның туыстары ол үшін төлеуге міндетті. Бұл жалған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандарды COVID-19-ға қарсы міндетті ақылы вакцинациялау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қайтыс болғандарды вакцинациялау туралы ресми түрде мәлімдеме болған жоқ. Бұл процедура мүлдем мағынасыз.
Демек, Қазақстанда ақша талап етіп, марқұмдарға екпе салынатыны туралы қауесет ойдан шығарылған және расталмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button