Фейк: «Жеуге болатын жәндіктер улы»
Telegram-да кейбір елдерде жеуге рұқсат етілген жәндіктер улы және көптеген ауруларды, соның ішінде онкологиялық ауруларды тудырады деп жазылуда. Бұл олай емес.
Хабарламаның авторы сүйенеген зерттеуде жеуге жарамды жәндіктер адамдар үшін қауіпті паразиттерді тасымалдаушы болып табылады делінген. Бұл тақырып бойынша зерттеу жүргізілгені рас. Бірақ мәтінде жеуге болатын жәндіктерде кездесетін барлық паразиттер термиялық өңдеу немесе мұздату кезінде жойылатыны айтылған. Яғни, жәндіктерді пісірілген күйде жесеңіз, ауру жұқтыру қаупі бомлайды.
Одан әрі, ақпарат авторы жәндіктердің қабығындағы хитин де адамдар үшін қауіпті және көптеген аурулардың дамуына әкеледі деп жазады. Бұл олай емес. Біріншіден, адам ағзасы хитинді қорытатынын, екіншіден, ісікке және қабынуға қарсы әсер ете алатындығын дәлелдейтін зерттеулер бар.
Сондай-ақ, хабарламада жәндіктердің хитинінен жасалған хитозан ағзаның сарқылуына әкелетіні туралы айтылады. Бұл өтірік. Шын мәнінде, хитозан бұл ерімейтін талшық, ол өзен және теңіз шаян тәрізділерінің қабығындағы хитиннен арнайы химиялық реакция арқылы алынады. Биологиялық белсенді қоспа ретінде хитозан салмақ жоғалту үшін қолданылады. Ол майлар мен холестериннің сіңуіне жол бермейді. Сондай-ақ жараның жазылуын тездетеді және қабынудың алдын алады. Оны бүйрек аурулары, қант диабеті, тері аурулары және т.б. үшін профилактикалық құрал ретінде де қолдануға болады.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде адамдарды жәндіктерді жеуге мәжбүрлейді деген теориялар кеңінен тарады. Біз бұған дейін мұның шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ шегіртке диетасы әлемде ешбір елде міндетті немесе қажет емес екені туралы айтқан болатынбыз.