Fake News

Фейк: «Пандемия – бұл қастандық, өйткені вакцинация деңгейі жоғары болса да, карантиндік шектеулер алынбайды»

Қазнет қолданушылары пандемия – бұл халықтың көп бөлігін жоюға және қалған адамдарды әлемдік элитаның құлына айналдыруға бағытталған әлемдік қастандық деген конспирологиялық теориясына жаңа «растау» тапты. Оны халықтың басым бөлігі егілген Израильде маскамен жүру режимінің қайта енгізілуінен байқауға болады. Бұл жалған.


Израильде қоғамдық орындарда маска тағу қайта міндеттелді. Алайда, бұл әлемдік қастандық теориясының да, COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі төмен деген болжамды да дәлелдемейді.
Үндістанда алғаш рет табылған Delta штаммын жұқтыру жағдайлары көбеюіне байланысты міндетті түрде маска тағу қажет. Қазіргі кезде Израильде күніне 100-ден 200-ге дейін науқас тіркеледі. Салыстыру үшін: осы жылдың қаңтар айында елде вакцинация әлі басталмаған кезде, күніне 8000-нан астам науқас анықталатын.
Айта кетейік, сырқаттанушылықтың көбеюіне қарамастан, елде өлім-жітімнің жоғарылауы немесе ауруханаға жатқызудың жоғары деңгейі байқалмайды. Бұл туралы Израиль пандемияға қарсы жұмыс тобының басшысы Начман Эш мәлімдеді.
– Вакциналар бізді ауруханаға жатқызу мен ауыр жағдайлардың артуынан қорғайды деп үміттенеміз, – деді ол AlJazeera басылымына.
Бүгінгі таңда Израиль ең көп вакцинацияланған елдердің үштігіне кіреді. Жалпы, елде тұрғындардың 64,05% – ы егілді. Онда КВИ сырқаттанушылық 95% – ға төмендеді.
Елдегі карантиндік шектеулер 15 маусымда алынып тасталды, бірақ Delta штаммын жұқтыру жағдайларының өсімі тіркелгеннен кейін екі аптадан кейін кейбір шектеулер қайтарылды.

Демек, Израильде бетперде режимін қайтару әлемдік үкіметтің қастандығынан емес, күрделенген эпидемиологиялық жағдай салдарынан туындағанын дәлелдейді. Вакциналардың тиімсіздігі туралы теорияны қолда бар статистика жоққа шығарады және сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан ауруханаға жатқызу және аурудың салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші артқан жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button