Fake News

Фейк: «Дүниежүзілік пошта одағы Қазақстанды концентрациялық лагерь деп таныды»

Telegram мессенджерінде Дүниежүзілік пошта одағының ресми сайтында Қазақстанның концлагерь деп танылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл фейк.

Бұл тезистің «дәлелі» ретінде мекен жайы толық көрінбей тұрған бір сайттың скриншоты тіркелген. Онда мемлекеттердің атаулары, олардың Дүниежүзілік пошта одағына кіру мерзімі және түсініксіз белгілер қойылған кесте көрсетілген, скриншотта бұл бағанның атауы көрінбейді, сондықтан елдерді қалай жіктегені белгісіз.
Скриншот түсірілген сайт мекен-жайының көрінетін бөлігінен оның Дүниежүзілік пошта одағының ресми порталы емес екендігі түсінікті. Олардың ресми порталының мекен-жайы: www.upu.int. скриншотта көрсетілгенге ұқсас кестелер бұл сайтта жоқ.
Скриншоттағы порталдың мекен жайдың көрініп тұрған бөлігінен оның Дүниежүзілік пошта одағының ресми порталы еместігін байқаймыз. Ресми порталдың мекен жайы www.upu.int. Бұл сайтта скриншотта көрсетілгендей кестелер жоқ.
Экранда көрініп тұрған порталдың мекен жайынан түпнұсқа ақпараттың неміс тілінде орналастырылғанын, содан кейін орыс тіліне аударылғанын көруге болады.
Википедияның неміс нұсқасында Дүниежүзілік пошта одағының парақшасында скриншотта көрсетілгенге өте ұқсас кесте бар. Онда концентрациялық лагерь туралы ештеңе айтылмаған.
Осы кесте скриншот жасалған ресурсқа көшірілген, осы кезде кездейсоқ немесе қасақана қателер мен дәлсіздіктер жіберілген.
Қазақстан – бұл басқа елдер мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ мойындаған тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – концентрациялық лагерь деген пікірлер жалған және негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button