Видеодағы жалған шприц дәрігерлер мен танымал адамдарды вакцинациялаудың өтірік екендігін дәлелдемейді
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жалған шприц көрсетілген видеоны талқылауда, оның инесі басқан кезде ішіне кіріп кетеді, ал сұйықтық поршеньге құйылады. Мұндай шприцтердің COVID-19-ға қарсы егу науқаны кезінде қолданылатындығына ешқандай дәлел жоқ.
Мұндай шприцтер дәрі-дәрмек немесе есірткі енгізгендей болып, фильмдер мен түрлі роликтерді түсіру кезінде қолданылады. Өтірік пышақ, қылыш және «кинодағы» басқа да суық қарулар да осы принциппен жұмыс істейді. Түсірілімге арналған шприцтерді, пышақтарды интернетте немесе кәдесый дүкендерінен оңай сатып алуға болады.
Алайда, мұндай шприцтердің COVID-19 қарсы вакцинация кезінде қолданылғанына немесе қолданылатынына ешқандай дәлел жоқ. Егу науқаны басталғанда COVID-диссиденттер саясаткерлер, жетекші медицина қызметкерлері мен атақты адамдар камералардың алдында жабық шприцпен екпе салдырғандары немесе вакцинаның өзін енгізбей, поршеньді баспай жасалғанын дәлелдейтін видеолар таратты. Осы роликтердің барлығы манипуляция болып табылады және бұл вакцинациялауға дайындық барысында түсірілген видеолардан алынған кадрлар, онда шприцтердің қақпақшалары алынбаған немесе медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері аса көрінбейтіндей етіп түсірілген. Мұны дәрігерлердің өздері де, фактчекерлер де растады.
Бүгінгі таңда әлем бойынша шамамен 319,56 миллион адам COVID-19 қарсы вакцина салдырды. Олардың бәрінің екпе алған сәті камераға түсірілмеген, сәйкесінше, вакцинаны енгізгендей болудың қажеті жоқ.