Fake News

Манипуляция: «Америкалық телевидение балалар ата-аналарына тиесілі емес деген идеяны алға тартуда»

Әлеуметтік желілерде америкалық телеарнаның жүргізушісі балалар ата-аналарға емес, қоғамға тиесілі болуға тиіс деп мәлімдеген видео  талқылануда. Пайдаланушылар Джордж Оруэллдің «1984» және Олдос Хакслидің «Ержүрек жаңа әлем» шығармаларын мысалға келтіреді, бұл туындыларда балалардың отбасында емес, қоғамда тәрбиеленетіні туралы айтылады. Шындығында, ешкім балаларды ата-анасынан тартып алуға шақырып жатқан жоқ.

Үзінді 2013 жылы америкалық MSNBC кабельдік телеарнасында шыққан жарнамадан алынған. жазушы және тележүргізуші Мелисса Виктория Харрис-Перри электронды оқытумен айналысатын LeanForward компаниясын таныстырады.

Жарнама шыққаннан кейін ол осы сөзіне наразы болған көптеген адамға нені меңзегенін түсіндіруге мәжбүр болды. Харрис-Перри MSNBC ресми сайтында түсініктеме жазған:

«Мен америкалықтардың балаларды әркімнің міндеті деп санауын қалайтыным туралы сөзсіз пікірім оңшылдардың болмашыға бола үлінуіне әкелді. Анық бір жайт бар: мен балаларымыз, барлық балалар тек біздің отбасымыздың бөлігі ғана емес, біздің қауымдастықтарымыздың бөлігі және осы қауымдастықтардың қамқорлығына, назарына, ресурстарына, құрметіне және мүмкіндіктеріне лайық деп айтқаным үшін кешірім сұрамаймын».

Хабарламада жарнамадан үзінді келтірілген. Ол мынадай сөздермен басталады:

«Біз халыққа білім беруге қажет мөлшерде көп қаражат салған емеспіз, өйткені балалар туралы әрқашан өзіндік жеке түсінігіміз болды: Сіздің балаңыз – бұл сіздіің балаңыз және ол үшін толықтай сіз жауаптысыз. Бізде «Бұл біздің балаларымыз» деген ұжымдық түсінік болған емес».

Демек, тележүргізуші балаларды отбасылардан тартып алуды жоспарлап отырған жоқ. Ол мемлекеттен жас ұрпаққа білім беруге көбірек қаражат бөлуді талап етеді.

Харрис-Перри мемлекеттің балаларды оқытуға салған инвестициялары туралы сөз қозғайды. Оларды отбасылардан тартып алу туралы айтпайды. Жүргізуші қоғам балаларды қолдауы керек, олар үшін барлық жауапкершілікті ата-анасының мойнына ғана жүктемеуі керек дейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button