Жаңалықтар

Фейк: «Pfizer басшысы және топ-менеджмент өз препаратымен вакцина алудан бас тартты»

Қазнетте COVID-19 вакцинасын әзірлеген Pfizer компаниясының басшысы Альберт Бурла оны өзі алудан бас тартқаны туралы хабарламалар талқылануда. Кейбіреулердің пікірінше, бұл препараттың қауіптілігінің дәлелі болып табылады. Бұл жалған.


Шын мәнінде Альберт Бурла да, компанияның топ-менеджерлері де вакцинациядан бас тартқан жоқ. Олар кезегі келмегендіктен әлі COVID-19-ға қарсы екпе алмаған. Өздеріңіз білетіндей, АҚШ-та алдымен вакцина егде жастағы адамдар мен COVID-19 жұқтырған науқастарымен тікелей жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге жасалады.
Альберт Бурланың өзі вакцинаны әзірлеуге қатысса да, денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкері емес екенін, сондай-ақ денсаулығы жақсы және «кезексіз өткісі келмейтінін» айтты.
«Доктор Бурла вакцинаны асыға күтуде және жақын арада егіледі», – деді Pfizer өкілі Эми Роуз.

Айта кетейік, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден және АҚШ вице-президенті Майк Пенс сияқты танымал тұлғалар Pfizer вакцинасын алды. Екеуі де өздерін жақсы сезінеді.

Қорыта айтқанда, Pfizer басшысы вакцинациядан бас тартқан жоқ және қолданушыларға препараттың қауіпті екенін сездірмеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button