Fake News

Жоғалған заттарды тапқаны үшін қазақстандықтарды жазаға тартады ­- фейк

Желіде енді Қазақстанда жоғалған заттарды тапқандарды жазаға тартуға болатыны туралы ақпарат тарады. Жоғалған ақшаны тапқан адамға «ұрлық» бабы бойынша айып тағылуы мүмкін екен.

Хабарламада көшеде немесе қоғамдық жерде ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған адам жағдайдың қайда және қалай болғанын видеоға түсіруі керек, содан кейін полицияға хабарласып, оның келуін күтуі керек делінген.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» қолданыстағы нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес, тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен мүлікті иеленіп алуды бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарауға болмайды.

Осыған орай, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген ведомствоның ресми жауабында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button