Fake News

Желіде телефон қоңыраулары «тыңдалатыны» туралы ескі фейк тағы да тарады

What’sApp мессенджерінде «ертеңнен бастап» барлық қоңыраулар мен мессенджерлердегі хат-хабарларды жазып алуға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін «жаңа коммуникация ережелері» қолданысқа енгізілетіні туралы ақпарат тағы да тарады. Бұл фейк.

Бұл ақпарат Қазнетте 2022 жылдың қаңтарында кеңінен тараған болатын. Ол кезде хабарлама ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан ұсынылған еді. Ведомство мұның бәрі өтірік және «елімізде жаңа коммуникация ережелері жоқ» деп мәлімдеді.

Сондай-ақ бұл ақпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атауынсыз Ресейде таралған болатын. Ол да жалған деп танылып, ақпарат жоққа шығарылды.

Айта кетейік, қазіргі кезде таралып жатқан мәтінде фейк ақпараттың барлық белгілері бар. Онда «жаңа коммуникация ережелері» енгізілетін күн, мемлекет көрсетілмеген және дереккөзге сілтеме жасалмаған.

Демек, бұл ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button