Көкшетау журналистері алаяқтарды әшкереледі
«Қазақстан РТРК» АҚ https://kokshetautv.kz/ Ақмола филиалының тілшілері Instagram-да 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді ресімдеуге көмек ұсынған алаяқтардың бет пердесін ашты. Жалған аккаунт жойылды.
«Instagram-да біз nurdaulet2070 аккаунтына тап болдық. Парақша иесі ол арқылы 42 500 теңге әлеуметтік көмекті ресімдеуге және алуға болатыны туралы жарияланым жазған. Ол үшін @42500.enbek_kz парақшасына және ол жердегі барлық демеушілерге жазылу керектігі айтылған. Сондай-ақ күдік тудырған ең басты жайт – парақша иесі оқырмандарға өз нөмірі мен картасының нөмірін direct-ке жазып жіберуді сұрайды», – делінген материалда.
Ақпаратты тексеру үшін журналистер азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша кеңес беруге арналған 1411 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына жүгінді, онда оларға барлық төлемдер тек ресми арналар арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеген.
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Instagram арқылы ешқандай төлем жүргізілмейтінін растады. Материал эфирге шыққан кезде, жалған-аккаунт жойылды.
«Материал эфирге дайындалып жатқанда, nurdaulet2070 аккаунтындағы 42 500 теңге төлеу туралы жалған ақпарат алып тасталды», – делінген бейне соңында.