Fake News

Скринингтен өтуге арналған әлеуметтік демалыс: не білу керек

30 жастан бастап қазақстандықтар онкологиялық ауруларды, жүрек ауруларын және қант диабетін ерте анықтау үшін скринингтен өтуі тиіс. Скринингтен жасына байланысты 2-4 жылда бір рет тұрақты түрде өту керек. Бұл тексеруден өту үшін заңнамада әлеуметтік демалыс қарастырылған. Бұл қандай демалыс және оның қанша уақытқа созылатынын түсіндіреміз.

«Скринингтік зерттеу» дегеніміз не?
«Скринингтік зерттеулер – ауруларды ерте сатыларда анықтау және аурулар дамуының, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында клиникалық белгілері мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені», – делінген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте. 

Денсаулық сақтау министрлігі ықтимал ауруларды ерте сатысында анықтау үшін профилактикалық тексеруден өтуі тиіс мақсатты топтардың тізімін бекітті. Мысалы, 30 жастан бастап әйелдер мен ерлер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтау үшін тексерілуі керек. 30 жастан асқан әйелдерге жатыр мойны обырын тексеру, 40 жастан кейін үнемі маммография жасау ұсынылады. 50 жастан бастап ерлер мен әйелдер колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау үшін гемокульт-тесттен өтеді.

«Әлеуметтік демалыс» дегеніміз не?
Скринингтен өту үшін жұмыс істейтін адам әлеуметтік демалыс ала алады. Ол «скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс» деп аталады. Бұл құқық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте жазылған. Әлеуметтік демалысқа берілетін уақыт бір жылда үш жұмыс күнінен аспайды. (Еңбек кодексінің 87-бабы 5-тармағының 4 және 5-тармақшалары).

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады», – деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button