Жалған: «Самогон онкологиядан қорғайды»
Әлеуметтік желілерде самогонның емдік қасиеттері туралы ақпарат тарады. Автордың айтуынша, ол онкологиядан, сондай-ақ инфаркт пен деменциядан қорғайды. Мұны Израиль ғалымдары дәлелдеген екен. Бұл олай емес.
Самогон қатерлі ісіктің алдын алады деген ақпапат вискидің пайдасы туралы ұқсас мақаладан кейін шыққан. Дәлірек айтқанда, мәтіндегі «виски» сөзін ғана «самогонмен» алмастырған.
Вискидің онкологиямен күресу қабілеті туралы ақпаратты кейбір басылымдар 2005 жылы таратқан болатын. Мысалы, британдық Telegraph ғылыми конференцияда құрамында эллаг қышқылының байланысты гипотетикалық тұрғыдан «уыттан жасалған виски ішу қатерлі ісіктің алдын алады» деген мәлімдеме жасалғаны туралы хабарлады.
2018 жылы шыққан осы тақырыптағы басқа мақалалар Beth Israel Deaconess Medical Center медициналық орталығының зерттеуіне сүйенеді.
Бұл зерттеудің жүргізілгені рас. Авторлар алкогольді қалыпты тұтынудың жүрек-қан тамырларының саулығына әсерін зерттеген.
Демек, онда алкогольдің нақты түрі немесе онкология туралы айтылмаған. Зерттеуге 50 жастағы 7800 адам қатысады, олар 6 жыл бойы бақыланады деп жоспарланған. Алайда, алты айдан кейін зерттеушілер мен алкоголь өндірушілер арасындағы байланыс анықталғандықтан, жоба тоқтатылды.
Яғни, бұл зерттеу виски немесе басқа алкогольдік сусын қатерлі ісік пен басқа аурулардың алдын алатындығын дәлелдеген жоқ.
Дүниежүзілік онкологиялық зерттеулер қорының мәліметі бойынша, қатерлі ісіктің бірнеше түрінің дамуы алкогольді ішімдіктердің барлық түрлерімен байланысты.
Америклық онкологиялық қоғам алкоголь ішу ауыз қуысы, тамақ, ішек, өңеш, тоқ ішек және тік ішек, сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады деп мәлімдеді.
Көптеген спирттік ішімдіктерде кезедсетін этанол қатерлі ісік ауруының туындау қаупінің артуымен тікелей байланысты.