Fake News

Фейк:«ПТР тестілеу әдісі ежелгі мысырлық азаптауға негізделген»

Желі қолданушылары Ежелгі Мысыр папирусының фрагменті бейнеленген суретпен бөлісуде. Онда ПТР тестілеуге ұқсайтын процедура көрсетілген. Суреттегі мәтінде Ежелгі Мысырда айыпты құлдарды осылай жазалап, гематоэнцефалитикалық тосқауылына зақым келтірілгені жазылған.


Шындығында, Ежелгі Мысырда бұлай ешкім жазаламаған. Сурет Тебандағы Ипи қабірінен табылған ежелгі фресканың бөлігі, бірақ онда офтальмологтың қабылдауындағы науқасты бейнеленген. Мұқият қарағанда, дәрігердің ПТР-тестілеу барысында жұтқыншақтан биоматериал алғандай емес, науқастың көзін көріп жатқаны анық байқалады.

Қазіргімен салыстырғанда сол кездегі әдістер біртүрлі болып көрінгенімен,
Ежелгі Мысырда медицина жақсы дамыған. Мысалы, көз ауруларын емдеу үшін кейде балмен араласқан кептірілген адам миы қолданылған.
Айта кетейік, жұтқыншақтан ПТР талдауы үшін биоматериал алу кезінде гематоэнцефалитикалық тосқауылға зақым келтіру мүмкін емес. Қуыс тосқауылдан тін қабатымен және сүйекпен бөлінген. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз. 
Осылайша, Ежелгі Мысырлық азаптау мен ПТР-талдау алу әдістемесі бірдей деген теортя расталмайды. Ежелгі Мысырда бұлай азаптамаған, ал жұтқыншақтың шырышты қабығынан жақпа алу қауіпті емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button