Fake News

Фейк: «Тайландтың Денсаулық сақтау министрлігі жаңа iPhone сатып алу үшін бүйректі сатпауға шақырды»

Желіде Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі адамдарды жаңа iPhone сатып алу үшін бүйректерін сатпауға шақырады деген жаңалық таратылуда. Оған қолында жаңа смартфон ұстап тұрған, бүйірі танылған үш адамның суреті тіркелген. Бұл фейк.


Тайландта үздік iPhone сатып алу үшін бүйректі сатпауға шақыратын хабарлама 2022 жылдың қыркүйегінде тараған. Оны тайландтық БАҚ жоққа шығарды, бұл біреудің сәтсіз әзілі, ал бүйірі танылған адамдардың суреті Тайландта түсірілмеген екен.
The Thaiger порталының хабарлауынша, сурет Лаостағы жеке клиникалардың бірінде жасалған және суреттегі адамдардың таңғыштарына қарасақ, олардың бүйрегі алынбаған, аппендэктомия жасалған секілді.
Бұған қарамастан, iPhone сатып алу үшін бүйректі сату тақырыбымен тараған сурет Желіде мемге айналды және ол Таиландта кеңінен таралды.
Тай Қызыл кресті бұл әзілді сынға алды. Тайландтың Қызыл Крест қоғамы жанындағы органдарды донорлық орталығының басқарушы директоры Софон Мектон мемді орынсыз деп атады. Ол әлемнің көптеген елдерінде орган саудасы немесе оларды материалдық құндылықтарға айырбастау әрекеті заңсыз деп саналатынын атап өтті. Сондай-ақ ол орган донорлығына ақылмен қарау керек екенін түсіндірді.
Bangkok Post порталы смартфондар үшін бүйрек сату туралы әзілді әдепсіздік деп таныды. Сондай-ақ мәтінде Таиландта орган саудасына заңмен тыйым салынғаны айтылған.
Қорыта айтқанда, таратылған хабарлама фейк болып табылады, оны шын деп қабылдамаған жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button