Манипуляция: «Ауруларды бақылау орталығы шұлықтарды басқа киюді ұсынады»
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының жаңа ұсынысы Қазнет пайдаланушыларының күлкісін келтірді. Мамандар COVID-19 жақсырақ қорғану үшін басқа капрон шұлық киюге кеңес берді. Шын мәнінде, бәрі басқаша.
Қазіргі кезде АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) үстіміздегі жылғы 10 ақпандағы жаңартылған ұсыныстарында шұлықтар туралы ақпарат жоқ. Мәтінде маскалардың резеңкелерін бетке жабысып тұратындай тартып байлап қою ұсынылады.
Дегенмен, құжатта мәтіннің өзгертілгені туралы белгі бар, бірақ ұсыныстар тізімінде нақты не алынып тасталғаны немесе қосылғаны көрсетілмеген. Сонымен қатар, Желіде түзетілген мәтінге сілтемелер берілген шұлықты киюге қатысты нақты дәйексөздерді кездестіруге болады. Дәйексөзде нейлон «жеңдерді» мойынға тағып, бет пен қорғаныс құралының арасында бос орын қалдырмас үшін шеттерін масканың үстінен орау ұсынылады. Тиісті тәжірибелер жүргізгеннен кейін CDC мамандары маска тағудың бұл әдісі ауа арқылы берілетін микробтар мен вирустардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді деген қорытындыға келген.
Қорыта айтқанда, CDC капрон шұлықтарды фильмдердегі тонаушылар сияқты басқа киюді ешқашан ұсынбаған. Дегенмен, капрон бұйымдар ұсыныстардың бастапқы нұсқасында қосымша қорғаныс құралы ретінде аталуы мүмкін, бірақ қазіргі ресми құжатта мұндай кеңестер жоқ.