Fake News

COVID-19 тестті түтікке түкіріп тапсыруға болады – фейк

Желіде COVID-19 тестті қан тапсыру арқылы немесе түтікке түкіріп тапсыруға болатындығы туралы теория айтылуда. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, адамдарды миды зақымдау немесе планета халқының ақыл-ойын бақылау үшін талдауды жұтқыншақтан тапсыруға мәжбүрлейді.
Бұл теорияны жақтаушылар коронавирус сілекей бөліктерінде және шығарылған дымқыл демде болатындықтан ауа-тамшы жолымен тарайтынын алға тартуда. «Егер бір тамшы сілекей соншалықты қауіпті болса, онда ауруды бүкіл қала халқына жұқтыруға болады және бізді бетперде тағуға мәжбүрлесе, онда талдау алу үшін басымызға неге таяқша тығады?» – деп таңғалады олар.

Шындығында, ағзада Sars-coV-2 вирусының болуын анықтау үшін сілекей мен дем шығаратын ауа бөлшектері жеткіліксіз.

– Егер зондтың басына жай ғана дем алсаңыз, онда вирус бөлшектерін немесе оны тасымалдайтын жасушаларды ұстау мүмкін болмайды. Ал зонд салып, оны инфекция тараған жерде айналдырсаңыз, онда сенімді нәтиже беретін материал табуыңыз әбден мүмкін», – деп хабарлады BBC-ге Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы.

Жұтқыншақтан немесе аңқадан биоматериал алу тек COVID-19 ғана емес, жоғарғы тыныс алу жолдарында орналасқан басқа вирустар мен бактерияларды анықтау үшін де жүргізіледі.

Мақсатына қарай ПТР-тест алу үшін биоматериал ретінде тері қырындылары, қан, биологиялық сұйықтықтар, ағзалардың биоптаттары және т.б. алынады. Бірақ бұл әдістер жоғарғы тыныс алу жолдарындағы вирустар мен бактерияларды анықтауға көмектеспейді.

Коронавирусты анықтауға арналған жедел тесттер бар, олар бір тамшы қан бойынша нәтиже береді. Олар иммунохроматографиялық талдау әдісімен жұмыс істейді және вирустың антиденелерінің болуын анықтайды. Антиденелер – бұл қан плазмасындағы ақуыздар және иммундық жүйенің белгілі бір вирусты жұқтырғанын көрсетеді. Мұндай сынақтардың дәлсіздігі өте жоғары және олар адамның бұрын ауырғанын немесе дәл қазір аурумен күресіп жатқандығын анықтай алмайды.

Сонымен қатар, COVID-19 анықтауға арналған ПТР тесттердің дәлдігін зерттеу зертханалық жағдайда олардың сезімталдығы (оң нәтижелердің дұрыстығы) 100%, ал ерекшелігі (теріс нәтижелердің дұрыстығы) 96% екенін көрсетеді. Бірақ жағдайдың нашарлауымен сынақтардың дәлдігі төмендеуі мүмкін.
1985 жылы ойлап табылған ПТР-диагностика әдісі осы күнге дейін сәтті қолданылып келе жатқанына қарамастан, ол COVID-19 пандемиясы басталғалы көпшіліктің сынына ұшырап отыр.

Хабарламада айтылған бір жарым метрлік қашықтық инфекцияның алдын алу үшін қажет. Тыныс алу кезінде ауру жұқтырған адам сілекейдің микроскопиялық бөлшектерімен бірге вирусты да шығарады. Мұндай микробөлшектер талдау жасау және дәл диагноз қою үшін жеткіліксіз болғанына қарамастан, вирус жақын тұрған адамға жұғуы мүмкін.

Бұған дейін Stopfake.kz мұндай тесттердің мағынасыздығы және оны әзірлеуші тесттің КВИ диагнозын қою үшін жарамсыз екендігі туралы мәлімдегені жайлы мифтерді жоққа шығарған болатын. Кейбіреулер жаппай ПТР тестілеу халықты азайту мен ақыл-ойды басқарудың жаһандық жоспарының бір бөлігі деп санайды. Мұның неге шын емес екенін мына жерден оқи аласыз.

(https://stopfake.kz/kk/archives/2178)

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button