Fake News

Манипуляция: «COVID-19 қарсы вакциналаудан кейін бала көтеруге болмайды, өйткені бұл у»

Қазақстандықтар «Спутник-V» вакцинасының тіркеуден кейінгі сынақтарына қатысудың қарсы көрсетілімдері, оның ішінде жүктілік туралы бейнероликті талқылауда. Кейбіреулерінің пайымдауынша, бұл препаратта «улы химикаттардың» барын және оның бала туу қабілетіне әсерін дәлелдейді. Бұл жалған.


Тіркеуден кейінгі сынақтарға қатысушыларға арналған ұсыныстарда жүктілік пен лактация кезінде вакцина алу ұсынылмайды деген тармақ бар. Себебі, клиникалық зерттеулер кезінде препарат жүкті және бала емізетін әйелдерге тексерілмеген, сондықтан мұндай жағдайлардағы вакцинаның әсері туралы мәліметтер жоқ. Алайда, бұл препарат фертильділікті бұзады немесе құрсақтағы баланың дамуына теріс әсерін тигізеді деген сөз емес.
Жүктілік және лактация гормоналды фонды айтарлықтай өзгертеді және организм үшін стресстік кезеңдер болып табылады. Сондықтан жүкті әйелдерге қауіпсіздігі дәлелденген бірқатар дәрі-дәрмекке тыйым салынған. Мысалы, дәрігерлер болашақ аналарға аспирин немесе анальгетиктерді, сондай-ақ суыққа қарсы кешенді препараттарды қабылдамауға кеңес береді, өйткені олардың құрамында балада аллергия тудыруы мүмкін консерванттар бар. Бірақ бұл осы дәрі-дәрмекті мүлдем ешкімге қабылдауға болмайды дегенді білдірмейді.
Сондай-ақ, көздің көруін лазерлік түзету немесе салмақ жоғалту операциялары сияқты бірқатар хирургиялық араласулардан кейін жүктілікті біраз уақытқа кейінге қалдыру ұсынылады. Бұл процедуралар фертильділікке тікелей әсер ете алмайтыны анық.
Демек, COVID-19 қарсы вакциналау кезінде жүктілікті жоспарламау туралы ұсыныс – бұл оның құрамында «улы химикаттар» барының дәлелі емес, жай сақтық шарасы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button