Желіде Қазақстанда КВИ сырқаттанушылықтың өсуін тоқтату туралы ескі видео таратылуда
Қазнетте Қазақстанда COVID-19 сырқаттанушылықтың өсуі тоқтатылғаны туралы ескі бейне таратылуда. Шын мәнінде, бұл 2020 жылғы 11 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен алынған үзінді.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған кадрларда (сол кезде-ред) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуының өсуі тоқтатылғанын, ал жағдай тұрақтанғанын айтады. Ол 2020 жылғы 11 тамызда елімізде COVID-19 ауруының таралу шыңынан өткеннен кейін осындай мәлімдеме жасаған. Бұл дәйексөздің КВИ бойынша ағымдағы жағдайға қатысы жоқ.
22 ақпанда сырқаттанушылық деңгейі бойынша «қызыл аймақта» Қазақстанның бірде-бір өңірі болмағанына қарамастан, елімізде COVID-19 толық жеңу туралы айтуға әлі ерте. Барлық аймақтарда күн сайын инфекция жұқтыру жағдайлары тіркеледі.
2020 жылғы 1 тамыздан 2021 жылғы 22 ақпанға дейін елімізде COVID-19 жұқтырған 48983 адам тіркелді, оның 612-сі көз жұмды. 40765-і сауығып кетті.