Балалар COVID-19 жұқтырмайды – фейк
Желіде балалардың бойында SARS-CoV-2 коронавирус штаммына туа біткен иммунитет бар деген фейк ақпарат таратылуда. Мамандар бұл теорияны жоққа шығаруда.
Фейк авторы – Telegraph колумнисті Элисон Пирсон. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында балалар коронавируспен ауырмайды деп жазған.
Corona doesn’t infect children. Flu does. Puzzling. https://t.co/9flz4D2bhq
— Allison Pearson (@allisonpearson) March 2, 2020
Шын мәнінде, балалардың COVID-19-бен ауырғаны расталған жағдайлар мен құжаттар жеткілікті. КВИ-мен ауырған науқастардың ең кішісі – инфекция жұқтырған кезде туғанына бір күн ғана болған.
Өкінішке орай, Қазақстанда да коронавирус жұқтырған балалар аз емес.
Алайда, бірқатар зерттеулерге сәйкес, балалардың иммунитеті ересек немесе қарт адамның ағзасына қарағанда індетті оңай жеңеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары балаларды инфекциядан қорғалғандығы туралы мифке сенудің қажеті жоқ деп ескертеді.
– Барлық жас санаттарындағы азаматтар коронавирус жұқтыруы мүмкін. Егде жастағы адамдарда және белгілі бір аурулары бар адамдарда (мысалы, демікпе, қант диабеті, жүрек ауруы) коронавирустық инфекцияның ауыр түрі болуы мүмкін, – делінген ұйымның ресми сайтында.
Сарапшылар адамның жасына қарамастан барлық сақтық шараларын сақтауға кеңес береді: бетперде тағу, қолыңызды жиі жуыңыз, санитайзерлерді қолданыңыз және адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз.