Fake News

Фейк: «ДДСҰ балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға қарсы шықты»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Дүниежүзілік ұйым балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға қарсы шыққандығы туралы хабарлама таратылуда. Мұндай мәлімдеме 22 маусымдағы вакцинацияның жаңартылған ұсыныстарында көрсетілген екен. Бұл жалған.


ДДСҰ-ның ресми сайтында осы жылдың 22 маусымында жаңартылған вакцинация бойынша ұсыныстар бар. Бұл ретте порталда жаңартулар «Pfizer / BioNTech COVID-19 вакцинасы бойынша 2021 жылғы 15 маусымдағы SAGE-тің уақытша ұсынымдарын көрсету үшін жасалды» деп көрсетілген.»
Мәтінде ұйым балалар мен жасөспірімдерге осы немесе басқа вакциналарды қолдануға қарсы екендігі жайлы айтылмаған.
– ДДСҰ сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) Pfizer / BioNTech вакцинасы 12 жастан асқан адамдарға қолдануға жарамды деген қорытындыға келді. Жоғары қауіпті топтағы 12-15 жас аралығындағы балаларға бұл вакцинаны басқа басым топтармен бірге салдыруға ұсынуға болады. Балаларға арналған вакцина сынақтары жалғасуда және ДДСҰ нақты деректер немесе эпидемиологиялық жағдай саясатты өзгертуді қажет ететін кезде өз ұсыныстарын жаңартады,– делінген ұсынымдарда.
Басқа өндірушілердің препараттары әлі де балалар мен жасөспірімдерде сынақтан өткізіліп жатыр. Сондықтан, ДДСҰ-да Балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы жалпы ұсыныстар беру үшін мәліметтер жеткіліксіз.
Pfizer / BioNTech вакцинасын АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекті санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) осы жылдың 10 мамырында мақұлдады. Сынақтарға 2260 жасөспірім қатысты. Оның ішінде 1131 жасөспірім қатысушыға вакцина егілсе, 1129 адам физиологиялық ерітіндіде плацебо алды. Қатысушылардың жартысынан көбі екінші дозаны қабылдағаннан кейін кем дегенде екі ай бойы бақыланды. Айтарлықтай жанама әсерлер тіркелген жоқ.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, 12 жастан асқан барлық адамдарға COVID-19 қарсы вакцинацияны ұсынады.
Қорыта айтқанда, ДДСҰ балаларды вакцинациялауға қарсы емес, тек жасөспірімдер мен балаларда сынақтан өтпейінше вакциналарды қолдануға ұсынудан бас тартқан. Сонымен қатар, ұйым мамандары қажетті сынақтардан өткен және FDA мақұлдаған Pfizer / BioNTech препараты 12 жастан асқан тұлғаларды вакцинациялауға жарамды деген қорытындыға келді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button