Fake News

Stopfake WhatsApp-та – танымал мессенджердің жаңа функциясы

WhatsApp пайдаланушылары келіп түскен хабарламалардың рас екендігін тексере алады. Танымал мессенджерді әзірлеушілер адамдарға жалған ақпаратпен күресуге көмектеспек. Күмәнді мәтіннің жанынан лупа белгішесі шығады, оны басу арқылы жаңалықты іздеу жүйесіне енгізіп, түпнұсқа ақпаратты жаңалықтардан немесе басқа да ақпарат көздерінен табуға болады. Бұл туралы компанияның ресми блогында жазылған.

«Қазіргі кезде мұндай хабарламаларды чаттағы үлкейту әйнегі символын басу арқылы тексерудің оңай жолы сынақтан өткізілуде. Жиі жіберілетін хабарламаларды іздеудің мұндай әдісі пайдаланушыларға нәтижелерді жаңалықтардан табуға немесе келіп түскен контентті басқа ақпарат көздерінен алуға көмектеседі», – делінген WhatsApp блогында.

Мессенджерді әзірлеушілердің айтуынша, бұл функция хабарламаны браузерге жүктеу арқылы жұмыс істейді. Бірақ WhatsApp-тың өзі мәтінді ала алмайды. Интернетте іздеу мүмкіндіктері әзірге Бразилия, Ұлыбритания, Италия, Испания, Ирландия, Мексика және АҚШ елдерінде Android, iOS және WhatsApp веб-сайтында WhatsApp-тың соңғы нұсқасын пайдаланушылар үшін қол жетімді.
WhatsApp жалған ақпараттың таралуын тоқтату үшін бұған дейін де қос тілшемен белгіленген хабарламаларды жіберуге шектеулер енгізген болатын.
2020 жылдың басында WhatsApp қызметінің аудиториясы 2 млрд адамнан асты. Жалған ақпараттың таралуы мессенджер үшін күрделі мәселе болып тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button