Fake News

Фейк: «Жүзуден чемпион атанған қыз вакцинация салдарынан бассейнде есінен танып қалды»

Telegram-да синхронды жүзуден жарыс кезінде есінен танып, су түбіне кетіп қалған чемпион Анита Альварес туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, спортшының жағдайының күрт нашарлауына COVID-19 қарсы вакцинацияның салдары себеп болған. Бұл жалған.


Өткен аптада Анита Альвареспен болған оқиға туралы көптеген БАҚ жазды. Бірде-бір беделді ақпарат көзі әлсіздіктің спортшының екпе салдыруына байланысты болды деп айтқан жоқ. 
Dailymail британдық басылымының хабарлауынша, өткен жылы да Анита Альвареске ұқсас жағдайға душар болған. Тағы да есінен танып, суға батып кете жаздаған.
Кәсіби синхронистер арасында мұндай оқиғалар сирек болмайды. Өйткені, бұл спорт көп күш-жігерді қажет етеді. Спортшылар күрделі гимнастикалық элементтерді жасай отырып, ұзақ уақыт тыныс алмай, оттегісіз су астында қалады.
Синхронды жүзу кезінде естен танып қалу жағдайлары COVID-19 пандемиясына дейін де болған. Мысалы, 2008 жылы жарыс кезінде жапон спортшысы Хироми Кобаяшидің есінен танып қалғаны хабарланды.
Сонымен қатар Dailymail порталы естен танып қалу және мидың шайқалуы синхронды жүзу жаттығулары кезінде жиі кездесетін оқиғалардың бірі деп жазды.

Демек, Анита Альварестің есінен танып қалуын COVID-19 қарсы вакцина алуымен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ. Мұндай мәлімдемелер манипулятивті және негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button