Фальсификация: «Вакцинацияланбаған адамдарда қатерлі ісік болмайды»
Instagram-да «Мен вакцинацияланбаған адамдар арасында қатерлі ісік ауруы болғанын көрмеппін» деген хабарлама таралуда. Бұл туралы ресейлік онколог Владимир Поляков айтқан екен. Бұл пост бұрмалау болып табылады.
РМҒА академигі Владимир Поляков осылай айтқан бірде-бір сұхбат немесе мақала жоқ.
Керісінше, ол болашақта қатерлі ісік ауруын азайту үшін папиллома вирусына қарсы екпені вакцинация күнтізбесіне енгізуді қолдаған.
Фейк жарияланымдағыдай фотосурет қолданылған сұхбаттардың бірінде Владимир Поляков дәрігерлер қатерлі ісікке қарсы вакциналарды зерттеу мен әзірлемелердің нәтижелерін күтудеп деп айтқан.
«Қазіргі кезде биологиялық вакциналар белсенді түрде әзірленіп жатыр, менің ойымша, біз дұрыс жолды таңдадық, өйткені бұл өте перспективалы бағыт», – деді Поляков.
Сондай-ақ, StopFake.kz әлеуметтік желілерде «Мен вакцинацияланбаған адамдар арасында қатерлі ісік ауруы болғанын көрмеппін» деген сөздің авторы ретінде индианалық доктор В.Б. Кларк көрсетілген посттарды тапты.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл сөз оның 1909 жылы 26 қаңтарда New York Press-те жарияланған есебінен алынған. Ол былай айтылған: «Сиырдың шешек ауруына қарсы вакцинация енгізілгенге дейін қатерлі ісік туралы білген жоқпыз. Мен 200 қатерлі ісік ауруын көрдім және вакцинацияланбаған адамдарда қатерлі ісік ауруы болғанын көрмеппін».
Бұл сөз, дәлірек айтқанда оның бөлігі, қазіргі кезде вакцинацияға қарсы белсенді қолданылып жүр. Доктор У.Б. Кларк деген кім, ХХ ғасырдың басында ол қандай зерттеулер жүргізген, бұл туралы бірде-бір дереккөзде айтылмаған. Шешекке қарсы жоспарлы вакцинацияға келетін болсақ, 1972 жылы АҚШ-та бұл ауру жойылғаннан кейін ол тоқтатылды.
Қорытынды: пост жалған, ал ондағы ақпарат – фейк.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы вакцинацияға деген сенімсіздікті халықтың денсаулығына төнетін он жаһандық қауіптің тізіміне енгізді. Екпе жасаудан бас тарту көп жағдайда аурудың өршуіне және вакциналармен алдын алуға болатын аурулардан болатын өлімге әкеледі.