Фейк: «Егілген адамдар тері арқылы антиденелер шығарады»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда ғалымдар COVID-19-ға қарсы егілген адамдарда антиденелер қалыптасады және олардың тері арқылы басқаларға берілетіні дәлелдегені туралы ақпарат таралуда. Бұл негізсіз.
Коронавирусқа антиденелердің осылайша берілетіні туралы теориялар Желіде 2022 жылдың мамыр айында осы тақырыптағы ғылыми зерттеудің предпринті жарияланғаннан кейін пайда болды. Ол «SARS-CoV2-ге тән гуморальді иммунитеттің аэрозольді тасымалдануының дәлелі» деп аталады. Осы уақытқа дейін еңбекке рецензия берілмеген және ол ешқандай беделді ғылыми журналда жарияланбаған, бұл тәжірибені өткізу әдістері мен дәлелдерінің дұрыстығына күмән келтіреді.
Сонымен қатар зерттеуде антиденелердің тері арқылы берілетіні туралы жазылмаған. Авторлардың пайымдауынша, олар дем шығарған кезде сілекей бөлшектерімен бірге бөлініп шығады. Зерттеуге сәйкес, COVID-19-ға антиденелер вакцинацияланған адам күні бойы тағып жүрген маскадан бөлініп алын. Кейіннен антиденелер екпе салдырған ата-анасымен бірге тұратын вакцинацияланбаған балалардан табылған. Алайда, еңбек мәтінінде зерттеуге қатысқан балалардың COVID-19-бен бұрын ауырған-ауырмағаны көрсетілмеген. Сондай-ақ әрбір нақты жағдай бойынша антиденелер титрі жоқ. Балаларда антиденелер вакцинацияланған ата-аналарының жанында болудың нәтижесінде қалыптасқаны туралы гипотеза дәлелденбеген.
Жалпы егілген адамдар екпенің кейбір компоненттерін бөліп шығаратыны туралы теорияларды вакцинацияға қарсы тұлғалар COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталғанда-ақ айтқан. Оны фактчекерлер мен ғалымдар бірнеше рет жоққа шығарды.
Таралған хабарламаның авторы сүйеніп отырған зерттеуден жағдай өзгермейді. Біріншіден, бұл рецензияланбаған препринт. Екіншіден, еңбекте көрсетілген деректер вакцинацияланған адамдардың антиденелер бөліп шығаратынын растау үшін жеткіліксіз. Үшіншіден, бұл зерттеуде антиденелердің тері арқылы бөлініп шығатыны туралы жазылмаған.