Fake News

Фейк: «Microsoft вакциналар мен 5G арқылы ақыл-ойды бақылау технологиясы патентіне ие»

What’sApp мессенджерінде қазақстандықтар «Толық шындық» атты бейнероликпен бөлісуде. Видео авторы Microsoft корпорациясының белгілі бір патенті, COVID-19 қолдан жасалғандығы және осы ауруға қарсы вакциналар АИТВ мен безгек тудыруы мүмкін екендігі туралы айтады. Мұның бәрі ескі және бұрын жоққа шығарылған фейктер жиынтығы.

Ролик авторы айтып отырған WO2020060606 патентінің COVID-19, вакциналарға немесе 5G технологиясына ешқандай қатысы жоқ. Бұл физикалық белсенділікті криптовалютаға айналдыру әдісін сипаттайды. Ол үшін идея авторлары қозғалыс деректерін жазып отыратын құрылғыларды денеге бекітуді ұсынады. Бұл құрылғылар чиптер, нанороботтар немесе ұқсас заттар түрінде ішке енгізілмейді. Олар біз үйренген смарт-білезіктер түрінде болатын шығар, айта кетейік, олар иесінің физикалық белсенділігінің қарқындылығы мен ұзақтығын анықтай алады.

Құрылғылар интернет арқылы деректерді беру мен оларды криптовалютаға конвертациялауды жүзеге асырады. Алайда, патентте байланыс міндетті түрде 5G форматында болуы керек деп жазылмаған. Демек, ақпарат алмасу интернетке қосылудың кез келген түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұл технология патенттелген, бірақ әлі әзірленбеген және іс жүзінде қолданылмайды. Оның көмегімен әзірлеушілер әлемдегі миллиондаған адамның нақты орналасқан жерін қадағалап отырмайды, оларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Роликтің вакциналардың зиянды құрамы туралы бөлігінде де шынайы ақпарат жоқ. Біріншіден, автор өзі сипаттаған «құрамы» бар вакцинаның атауы аталмайды. Екіншіден, ол препараттың құрамында аденовирус, ал аденовируста коронавирус бар дейді. Бұл мүмкін емес. Блогер аденовирус векторында вакциналар жасау технологиясын коронавирус ақуызын тасымалдау үшін қолданған жағдай туралы айтқан болар. Бұл бір белсенді вирус екіншісін алып жүреді және адам ағзасына әсер етеді деген сөз емес. Ақуыздар тұтас вирустың бір бөлігі болғандықтан, олар жұқтыруды болдырмайды, бірақ олар иммундық реакцияны қоздыруға және аурудың нақты қоздырғышынан табиғи қорғаныс қалыптастыру үшін жеткілікті. Сонымен қатар, автор РНҚ-вакциналарының жаһандық қауіп-қатері туралы қорытынды жасайды. Алайда, РНҚ-вакциналар да, аденовирустық вектор негізінде жасалғандар да бірдей препарат бола алмайды, құрамы әртүрлі болады әртүрлі принцип бойынша жұмыс істей алмайды. Сәйкесінше, автор ұғымдарды шатастырады және препараттарға тән емес қасиеттерді атап өтеді. Мысалы, безгек немесе АИВ тудыруы мүмкін.
Блогер айтқан COVID-19 қолдан жасалғандығы туралы теория бірнеше рет теріске шығарылды. Автор қолдан жасалғанын дәлелдеуге тырысқан COVID-19 вирусы табиғатта жоқ екенін бірден айта кеткеніміз жөн. COVID-19 – қоздырғышы SARS-CoV-2 вирусы болып табылатын аурудың атауы. Туберкулез сияқты, бұл «Кох таяқшасы» деп аталатын бактерия тудыратын аурудың атауы.
Sars-CoV-2 зертханада жасалуы мүмкін екенін зерттеулер жоққа шығарады. Ғалымдар өмір сүру кезеңінде штамм ұшыраған мутациялар тірі организмнен тыс жерде пайда бола алмайтынымен келіседі. Осындай мутациялардың бірі вирустың адамнан адамға өту қабілетіне әкелді. Бұрын ол тек жануарларға ғана жұғатын.
Қорыта айтқанда, Қазнетте талқыланып жатқан бейнеролик фейктерден тұрады. Олардың кейбірі ғылыми фактілерді дұрыс түсіндірмейді, басқалары танымал қастандық теорияларына негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button