Fake News

Даяшылары жартылай жалаңаш жүрген бардың видеосы Қазақстанда емес

Қазақстандықтар WhatsApp-та барда жартылай жалаңаш даяшылар сусын таратып жүрген видеомен бөлісуде. Таратылым авторы оның Семейде түсірілгенін және мекеменің өзі полицияның қамқорлығымен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ жоққа шығарды.

Видеомен бірге аудиохабарлама таратылуда: «Ұят жоқ екен, ақша үшін не істемейді. Олардың да қарындастары бар ғой. Қоймаса, өртеп жіберу керек».


Шын мәнінде, түпнұсқа видеоны осы жылдың сәуір айында Jess Gervacio Vlogs қолданушысы өзінің арнасында жариялаған. Бастапқы дереккөздің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.

– Youtube қолданушысының «JESS GERVACIO VLOGS» парақшасында «Туған қалам Семейім» музыкасымен және «Семейде барлар ашылды» деген жазумен WhatsApp мессенджерінде таратылған видео табылды. Бұл бастапқы видео ағымдағы жылдың 20 сәуірінде жарияланды. Аталған пайдаланушының тұратын елі – Филиппин, – делінген ҚР ІІМ ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес, көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер таратылған жалған ақпарат қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырса немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, онда жалған хабарламардың авторларына ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button