Fake News
Фейк: «Сауалнама толтыру арқылы мемлекеттік көлік субсидияларын алуға болады»
Әлеуметтік желілерде мемлекеттен көлік субсидияларын алуға болатындығы туралы хабарлама тарады. «Қазақстан темір Жолы» өзінің 25 жылдығына орай 900 000 теңге сыйлайды, оны алу үшін сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы толтыру қажет. Бұл өтірік.
Хабарламаға тіркелген сауалнама сілтемесі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ ресми интернет-ресурсына емес, бөгде сайтқа апарады. Сауалнама алаяқтар үшін пайдаланушылардың деректерін жинайтын фишингтік сайтта жарияланған.
Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ» «субсидиялар төлеу» туралы таратылымды фейк деп танып, теріске шығарды. Баспасөз қызметі таратылған ақпараттың ұлттық компанияға қатысы жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өту қауіпті екенін еске салды.