Жаңалықтар

Фейк: «Қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы сананы өзгертетін қытайлық вакцина егіледі»

Whats’App-та covid-19-ға қарсы алдағы вакцинация туралы қазақстандықтардың үрейін алатын хабарлама таратылуда. Ол үшін сананы мәңгі өзгертетін мида карта түрінде қатып қалатын сұйық пластмасса түріндегі препарат пайдаланылады екен. Қытайда шығарылған вакцина осындай қасиеттерге ие. Бұл жалған.

Біріншіден, Қытайда жасалған Sinovac вакцинасының құрамында ешқандай пластик жоқ. Ол қауіпсіз әрі тиімді. Препарат белсенді емес вирус платформасында жасалған. Бұл әдіс көп зерттелген және қауіпсіз деп саналады. Sinovac вакцинасының клиникалық зерттеулері әр түрлі елдерде өтіп жатыр, онда 50,4%-дан 91.25% дейінгі тиімділігін көрсетуде.

Екіншіден, Қазақстанда Қытайда шығарылған вакцинаны сатып алу жоспарланбаған.

– Қазақстан Үкіметі коронавирустық инфекцияға қарсы Қытай вакцинасын сатып алу жүзеге асырмаған және жоспарламаған. Құрметті отандастар! Сіздерден әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа бой алдырмауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274 – бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қазақстанда жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталады. Азаматтарға ресейлік «Спутник V» препараты егіледі. QAZCOVID-IN қазақстандық вакцина қазір клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтуде.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button