Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті белгісіз зат шашқан ер адамның видеосына қатысты пікірін білдірді
Көшеде жүріп, белгісіз зат шашқан ер адамның видеосы қазақстандық интернетте тарады. Авторлар видеоның Алматыдағы Зерделі шағын ауданында түсіргенін айтты. Полиция бұл факті бойынша тексеру жүргізуде. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ер адамның шашқаны қауіпті химиялық зат еместігін хабарлады.
Видео кешке қарай түсірілгендіктен ер адамның киімінің де, ол қолданған құралдың да ерекшелік белгілері көрінбейді. Бірақ Комитетте мұндай құралдардың Қазақстанда бар екенін және ағаш, бордюр, автобус аялдамаларын және жалпы пайдалану орындарын санитарлық өңдеу үшін қолданылатынын растады.
– Мұндай жылжымалы құрылғылар кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен ағаштар мен шөптерді күзде әк ерітіндісімен өңдейді. Видеода адамның не істеп жатқанын нақты айту мүмкін болмаса да, оның қауіпті зат шашып жатпағаны белгілі. Қазақстанда санитарлық өңдеу үшін қолданылатын рұқсат етілген препараттар тізілімі бар. Оған улы, улы компоненттері бар заттар кірмейді, – деп хабарлады Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы бұл істі тексере бастады. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдауға уәде берді.