Fake News

Жалған: «2050 жылға қарай әрбір бесінші бала жасанды немесе виртуалды болады»

Қазнетте кейбір «глобалистердің» жоспары бойынша 2050 жылға қарай әрбір бесінші баланы жасанды немесе виртуалды балаға ауыстырады деген теория талқылануда. Мұндай пікірталастың туындауына жасанды интеллект негізінде жасалған гипер-шынайы қуыршақтардың бейне жарнамасы себеп болды. Бұл ролик қайдан шықты және балаларды неге қуыршақпен алмастырмайтынын түсіндіріп өтейік.


Таратылған видеео – бұл реборн қуыршақтарын шығарумен айналысатын Babyclone испан компаниясының жарнамасы. Осы жылдың қаңтарында олар жаңа өнім – жасанды интеллектпен жабдықталған қуыршақтар желісін таныстырды. Яғни, реборн қуыршақтары екі тамшы судай шынайы балаға ұқсайды, жылайды, өзіне назар аударуды қажет етеді, тамақ сұрайды немесе оларды іртүрлі қалыпта қалдырса, айқайлайды.

Babyclone реборн қуыршақтарын шығаратын жалғыз компания емес. Балаларға ұқсас қуыршақтарға үлкен сұраныс жоғары. Негізгі сатып алушылар – коллекционерлер, бірақ кейбір жағдайларда адамдар оларды өз баласы қайтыс болғаннан кейін психологиялық жарақаттан арылу үшін сатып алады.
Бұл ретте мұндай қуыршақтарды сатып алатын адамдар, ең алдымен, оны бала емес, қуыршақ екенін түсінеді. Өндіруші компаниялар да, коллекционерлер де, кейбір «глобалистер» де тірі сәбилерді силикон қуыршақтарға алмастыру туралы айтқан жоқ.
Виртуалды балаларға келетін болсақ, бұл туралы адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі, қолданушының өзара әрекеттесуі және жасанды интеллект бойынша маман Катриона Кэмпбелл осы жылдың мамыр айында айтқан болатын. Оның пікірінше, 2070 жылға қарай мета ғаламшарда адамдарда виртуалды балалар болады. Бұл ретте ол да, оның әріптестері де мұндай мүмкіндік нақты балалардан бас тартуды немесе шынайы өмірде бала тууға тыйым салудың белгісі деп айтқан жоқ. 
Алайда, кейбір пайдаланушылар оның сөздеріне күмәнмен қарап, виртуалды «тамаготчи бала» ешқашан нәрестені алмастыра алмайды деп мәлімдеді. 
2050 жылға қарай жер бетіндегі әрбір бесінші бала бала емес, қуыршақ немесе бағдарламалық код болады дегенге сенімді дәлелдер жоқ. Демек, бұл ойдан шығарылған және асыра сілтеу.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button