Тіс пастасымен ингаляция жасау коронавирустан қорғануға көмектеспейді
Қазақстандықтар COVID-19 екінші толқыны кезінде қорғану бойынша кеңестерімен бөлісуде. Желі пайдаланушылары ерекше әдіс – тіс пастасымен ингаляция жасауды ұсынуда. Өкінішке орай, бұл көмектеспейді.
Тіс пастасын сумен араластырып, қоспаны жылытып, онымен дем алу керек екен. Көру қабілетінің бұзылуы, остеохондроз және арықтау проблемаларын емдеуге мамандандырылған жеке қонақүй клиникасының негізін қалаушы доктор Картавенко осындай кеңес береді. Мекеменің сайтында қытай медицинасы академияларының дипломдары және клиниканың қызметіне рұқсат беретін мерзімсіз лицензия орналастырылған. Платформада қандай да бір мамандық бойынша медициналық жоғары оқу орындарын бітіргені туралы дипломдар ұсынылмаған.
Желіде тіс пастасы араластырылған қайнаған сумен ингаляция жасаудың вирусқа қарсы әсер етуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Тіс пасталарының құрамына әдетте вирустарды өлтіретін компоненттер кірмейді.
Дегенмен, тіс тазалау кезінде тіс пастасын кездейсоқ жұтып қойған Желі қолданушылары бұл өте жағымсыз сезім дейді.
Әлем дәрігерлерінің пікірінше, коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең жақсы және тиімді шаралары – маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды сабынмен жиі жуу және адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту.