Медициналық фейктер

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың ішкі мүшелерінде спайк-ақуыздар жиналады»

Танымал қазақстандық Telegram-арналарда патологоанатом Арне Буркхардттың жақында сөйлеген сөзі туралы жаңалықтар таралуда. Оның айтуынша, вакцинацияланған адамдардың ішкі органдарында денсаулыққа зиянды әсер ететін SARS-CoV-2 коронавирусының спайк-протеині жиналады. Бұл рас па? Анықтайық.


Алдымен Арне Буркхардттың кім екенін айтайық. Бұл – COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін желіде танымал болған зейнеткер патологоанатом. Ол COVID-19 қарсы вакциналар қауіпті және марқұмдардың мәйіттерін тексеру олардың өліміне нақты вакцина себеп болғанын дәлелдейді деп бірнеше рет негізсіз мәлімдеме жасаған. Бұл мәлімдемелерді неміс және грек фактчекерлері жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Арне Буркхардтың іріктемесі тым аз, оның нәтижелері қайтыс болған вакцинацияланбаған адамдардың тексеру нәтижелерімен салыстырылмаған және қорытындылары объективті емес, біржақты.
Доктор Буркхардтың қазір бұдан артық дәлелдері бар ма? Бұл белгісіз. Желіде оның сөйлеген сөзінің толық жазбасы жоқ және оны жақтаушылар қайтыс болған адамның ағзасынан коронавирустың спайк-ақуызы табылғандығы туралы жазуы бар жалғыз фотосуретті ғана таратуда.
Рецензияланған ғылыми журналдарда доктор Буркхард өз жаңалықтарын жарияламағаны белгілі. Яғни, оның адам ағзаларында спайк-ақуыздардың барын қалай анықтағанын және қанша мәйтітті зерттегенін нақты айту мүмкін емес.
Басқа ғалымдар жүргізген зерттеулер де бар. Олардың нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланды және мақұлданған рецензиялар алды. 2020 жылдың наурыз айында макакаларға жүргізілген тәжірибе дельта тәрізді бұлшықетке салынған вакцина компоненттері инъекция орнында және оған жақын лимфа түйінінде қалатынын дәлелдейді. 
Тышқандарға жүргізілген тағы бір ұқсас зерттеу де вакцинаның компоненттері көбінесе инъекция орнында және лимфа түйінінде қалатынын дәлелдейді.
Science ғылыми журналындағы мақалада спайк-ақуыздардың ағзада ұзақ уақыт болмайтыны айтылған. Олар бірнеше апта ішінде толығымен ыдырайды.
2023 жылдың қаңтарында жарияланған зерттеуде спайк-ақуыздардың шамадан тыс өндірілуі және олардың вакцинацияланған адамдардың қанында болуы миокардиттің дамуымен байланысты болуы мүмкін өте сирек құбылыс деп жазылған. Бұл тұжырым қосымша тексеруді қажет ететініне қарамастан, келтірілген деректердің дұрыстығына күмәндануға негіз жоқ.
Ағзаларда спайк-ақуыздардың түзілуі, сақталуы және таралуы туралы рецензияланған зерттеулердің ешқайсысы доктор Арне Буркхардтың теорияларын дәлелдемейді.
Демек, оның мәлімдемелерін негізсіз деп санауға және оларды шын деп қабылдамауға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button