Fake News

iPhone пайдаланушыны әр 5 секунд сайын суретке түсіреді – мәселе телефонның көрсеткіштерінде

Telegram мессенджерінде iPhone-ның адамдарды бақылайтынын дәлелдейтін видео жарияланды. Құрылғы әр 5 секунд сайын адамның бетін тани отырып, инфрақызыл суретке түсіретіндіктен пайдаланушылар осындай қорытынды жасаған. Мәселенің мән-жайын анықтайық.

Кейбір iPhone телефондары бірнеше секунд сайын инфрақызыл сәуле шығаратыны рас. Бірақ мұның себебі видео авторлары айтқандай, адамдарды бақылау емес.

TrueDepth камерасы осылай жұмыс істейді. Ол iPhone-ның кейбір модельдеріне қойылған. Apple өкілі Алекс Киршнердің айтуынша, технология құрылғыны пайдаланып жатқан-жатпағаныңызды түсінуге мүмкіндік береді.

Apple-дің сайтында камераның жұмысы сипатталған: «TrueDepth мыңдаған көрінбейтін нүктені жобалау және талдау, сондай-ақ инфрақызыл кескінді жазу арқылы нақты бет деректерін жинайды».

Бұл деректердің барлығы Attention Aware зейінді тану мүмкіндігін белсендіреді. Ол пайдаланушының экранға қарап тұрғанын анықтайды. Негізінде, бұл функция қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Мысалы, телефонға қарап отырған кезде дисплей өшпейді. Көзге көрінген жарқылдар iPhone-ның суретке түсіруінің емес, пайдаланушының бет-әлпетін сканерлеудің белгісі.

Айта кетейік, Attention Aware iPhone-ның барлық моделінде бола бермейді. Ал ұнатпағандар бұл функцияны өшіріп тастай алады. Ол үшін Face ID және телефон құпия сөзінің параметрлерінен Attention Aware таңдаңыз.

Осы сияқты хабардарлықты арттыру технологиясын тек дауыстық командаларды тыңдау үшін Amazon Alexa, Google Assistant және Siri қолданады. Бұл туралы Screen Rant ақпараттық ойын-сауық порталында көп жазылған.

Сонымен қатар, Apple компаниясының хабарлауынша, инфрақызыл сәуле көз бен теріге зиян келтірмейді. Олардың қуаты тым төмен.

Демек, видеода TrueDepth камерасының жұмысы көрсетілген. Бұл технологияның көмегімен құрылғы телефон иесі телефонға қарап отырған-отырмағананын көрсетеді. Аталған қызметті өшіріп тастауға болады. IPhone-ның адамдарды ақылайтынына дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button