Fake News

Әлеуметтік желілерде іс жүзінде жоқ қордың атынан көрсетілетін фейк көмек жарнамалануда

Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда «Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан» әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда. Хабарламаға сәйкес, бұл көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады. Бұл – жалған ақпарат. Іс жүзінде Қазақстан Президенті атындағы әлеуметтік қор жоқ.


Елімізде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған, бірақ оның есімімен аталмайтын «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Қор қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Әдетте, жәрдем ақшалай емес түрде көрсетіледі. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.
Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға «Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Қазақстан халқына” қоры қаржылық көмек көрсетпейді. Азаматтардан қауесеттерге сенбеуге және алаяқтық ұйымдар тарапынан арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Қор қызметкерлері СМС-код ұсынуды сұрамайды. Алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеулеріңізді және 1414 нөмірінен келіп түскен кодтарды үшінші тұлғаларға айтпауларыңызды өтінеміз.
Сондай-ақ Қор мессенджерлер арқылы видео-аудиоқоңыраулар жасамайды. Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz сайты (сайтқа сілтеме профильде ұсынылған) және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі арқылы ғана қабылданады, сол жерде пайдаланушы өз өтінішінің мәртебесін де біле алады», – делінген «Қазақстан халқына» қорының сайтында.

Таралған ақпарат мәтінінде айтылған 2022 жылғы 20 тамыздағы әлеуметтік көмек бойынша төлем жасалатыны туралы жарлық та жоқ. Akorda.kz сайтында «Құқықтық актілер» бөлімінде мұндай құжат жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button