Fake News

Фейк: «Бұрын РНҚ вакциналарына тыйым салынатын»

Қазнет қолданушылары РНҚ вакциналарына этикалық себептермен тыйым салынатын деген теорияны талқылауда. Ал қазір пациенттерге COVID-19-дан қорғану үшін осы әдіспен жасалған препараттарды егу ұсынылуда. Шын мәнінде, бұл – фейк.


РНҚ вакциналарына этикалық немесе басқа бір себептермен ешқашан тыйым салынбаған.

Осы әдістің әлеуеті жайлы алғаш рет 1990-шы жылдардың басында айтылды. Ол кезде деректер жеткіліксіз және өндіріс көлемінің аздығына байланысты мұндай вакциналар кеңінен қолданылмады. Алайда, бұл саладағы зерттеулер тоқтатылған жоқ.

2018 жылға қарай РНҚ вакциналарының үш түрі жасалды: репликацияланбайтын мРНҚ вакцинасы, өзін-өзі репликациялайтын мРНҚ вакцинасы және дендриттік жасушалық репликацияланбайтын мРНҚ вакцинасы. Олардың тиімділігі зерттелген және дәлелденген. Мұндай препараттарды қолдану гендік инженерия болып табылмайды және, сәйкесінше, этикалық күмән мен дау туғызбайды.

Айта кетейік, РНҚ вакциналары басқаларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Нақтырақ айтқанда, мысалы, олар белсенді емес немесе векторлы вакциналардан гөрі әлдеқайда тез әзірлеуге болады. 
мРНҚ-ға негізделген COVID-19 вакциналары алғаш рет қолданылып отырғанына және бұрын кеңінен қолданылмағанына қарамастан, оларға ешқашан тыйым салынған емес. Бұған дейін StopFake.kz мРНК-вакциналары адамның ДНК-сын өзгертеді, түрлі аурулар тудырып, өлімге әкеледі деген теорияларды жоққа шығарған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button