Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина» шашыраңқы склероз тудырады

COVID-19 қарсы вакцина жұлынның шашыраңқы склерозын тудыруы мүмкін деген ақпарат қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Гамбрег университетінің неміс иммунологы Стефан Хокерц осындай мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, мұндай елеулі жанама әсерлер, препараттың дамуында қолданылатын инновациялардың нәтижесінде пайда болады. Бұл фейк.

Біріншіден, доктор Хокерц қандай вакцина туралы айтып отырғанын нақтыламайды. ДДСҰ сайтында жарияланған кандидат вакциналардың тізімінде 214 атау бар.
Доктор Стефан Хокерц матрицалық РНҚ-ны вакцинаның негізі ретінде атап өткенін ескере отырып, осындай ауыр жанама әсерлері бар деген дәрі-дәрмек шеңберін азайтуға болады. Америкалық, еуропалық және басқа компаниялардың вакциналары осындай әдіспен әзірленген. Ең танымал екпелердің бірі – Pfizer компаниясы мамандарының жұмысының нәтижесі. Препарат клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтті. Ол туралы есепті ДДСҰ құжатынан табуға болады.
Сынаққа қатысушылардың ешқайсысында шашыраңқы склероздың дамығаны туралы хабарланған жоқ. Препараттың тіркелген жанама әсерлерінің арасында қызару, ісіну және инъекция орнының ауырсынуы сияқты реакциялар болды. Тәжірибелік вакцина жасалған қатысушылардың бір бөлігі жүрек айну, құсу, буындар мен бұлшықеттердің аздап ауыруы сияқты белгілер туралы хабарлаған.
Матрицалық РНҚ-ға негізделген клиникалық сынақтар мен басқа вакциналар туралы есептерде шашыраңқы склероздың немесе басқа ауыр аутоиммундық аурулардың дамуы туралы ақпарат жоқ, оның үстіне, препараттардың көбі әлі де сынақтардың ерте сатысында немесе әлі де болса, адамдарда сынала бастаған жоқ.
Сондай-ақ, жауаптарда жанама әсерлердің даму механизмдері мен мүмкіндіктерін барынша толық түсіну үшін екі жылға созылатын ұзақ мерзімді бақылаулар қажет екені айтылғанын атап өткеніміз жөн. Бүгінгі таңда мұндай бақылаулардың нәтижелері жоқ екендігі анық.
Демек, КВИ қарсы вакцина аутоиммунды аурулардың дамуына әкелуі мүмкін деген пікірлер негізсіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button