Fake News

Фейк: «Адам денесі лицензияланады»

Әлеуметтік желілерде адам денелері зияткерлік меншік объектілері болып табылады және лицензиялануға жатады деп жазылуда. Бұған Microsoft корпорациясының 2004 жылы мақұлданған патенті дәлел екен. Бұл рас па, тексерейік.

Таралған ақпаратта 2003 жылы ұсынылған және 2004 жылы мақұлданған Microsoft корпорациясының № 6 754 472 патенті туралы айтылып отыр. Онда сипатталған технология сол заманда ерекше болып саналып, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында егжей-тегжейлі және көп жазылды. 

Оның мәні – әртүрлі құрылғылар арасында сымсыз сигнал беру үшін адам терісінің қасиеттерін пайдалану. Мысалы, телефон мен сымсыз құлаққапты немесе пейджер мен қол сағатын қосу үшін. Патентте адам денесіне құқықтарды иелену туралы айтылмаған.

Патентте сипатталған технология қазір өзекті емес екені анық. Құрылғыларды сымсыз қосу үшін адам терісінің қасиеттерін пайдаланудың қажеті жоқ – бұл үшін Bluetooth технологиясы бар және сәтті қолданылуда. Сонымен қатар патентте сипатталған кейбір құрылғылар енді қолданылмайды. Мысалы, пейджерлер SMS-хабарлама технологиясының пайда болуымен өзектілігін жоғалтты. Смартфондар мобильді құрылғыларға арналған портативті пернетақталар мен MP3 ойнатқыштарын мүлдем қажетсіз етті, өйткені құрылғыда осы мүмкіндіктердің барлығы біріктірілген.

Демек, жалпыға қол жетімді Microsoft патентінде адамның денесі біреудің зияткерлік меншігі екенін және лицензияланатындығын көрсететін тұжырымдар жоқ. Онда бүгінде өзектілігін жоғалтқан адам терісінің табиғи қасиеттерін қолдана отырып, құрылғылар арасында сымсыз байланыс орнату технологиясы сипатталған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button