Fake News

Фейк: «Польша, Швеция және Норвегия ДДСҰ-ны Еуропа халқына COVID-19 жұқтырғаны үшін сотқа берді»

Instagram қолданушылары Польша, Швеция және Норвегия ДДСҰ-ны Еуропа халқына COVID-19 жұқтырғаны үшін сотқа бергені туралы жаңалықпен бөлісуде. Хабарламаға сәйкес, «ұсталған ұшқыштар химиялық пневмония тудыратын зат шашқандарын мойындаған». Бұл – фейк.

Желіде бұл жаңалықтың ешбір дәлелі жоқ. Басқа әлеуметтік желілерден де осы мәтінді кездестіруге болады. Нақтырақ айтқанда, Facebook-те қастандық теорияларына арналған парақшада бұл хабарламада «Орыс Афины» порталына сілтеме жасалған.

Сілтеме бойынша ашылатын жаңалық 2013 жылғы 7 қазанда жарияланған. Әрине, онда COVID-19, ДДСҰ, Польша, Норвегия, Швеция, топтық талап-арыз туралы немесе оған қатысты басқа ештеңе жазылмаған. Жазбада химтрейлдер теориясы және НАТО мен АҚШ Әскери-әуе күштері ірі қалаларда химиялық заттар шашып жатқандығы туралы айтылады. Химиотрассалар туралы миф рас болса да, сотқа талап-арызды ДДСҰ-ға емес, НАТО-ға бергені қисынды болар еді.

Сонымен қатар, хабарламада сот ісінің басталғаны туралы егжей-тегжей мәліметтер жоқ: тараптар кімдер, нақты қандай ұшқыштар ұсталды, олардың ДДСҰ-мен қандай байланысы бар және ең бастысы, неге Еуропада заттар шашқан? Жұмбақ ұшқыштар «адал ниетпен мойнына алғаннына» қарамастан, басқа елдердің бей-жай қалып отырғаны да таңқаларлық жайт.

Дегенмен, пандемияға байланысты ДДСҰ-ға қатысты талап-арыз бар. АҚШ билігі бұл ұйымды COVID-19 бен оның жойқын медициналық және экономикалық салдары туралы әлемдік қауымдастықты саналы және қасақана адастырды деп айыптап отыр. Бұл талап-арыз 2020 жылдың сәуірінде берілген. Бұл туралы көптеген әлемдік БАҚ хабарлады. Сот талқылауының нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

Адамдарға ауруды әдейі жұқтыру үшін химиялық заттар шашқан ұшқыштардың ұсталғандығымен және олардың мойындағанымен негізделіп отырған ДДСҰ-ға қарсы тағы бір талап-арыз туралы айтылмауы бұл жаңалықтың шынайылығына күмән тудырады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button