Fake News

Фейк: «Қазақстандықтарға гипертонияны емдеу үшін жеңілдіктер беру туралы шешім қабылданды»

Facebook-те артериялық гипертониямен ауыратын қазақстандықтарға белгілі бір жеңілдіктер берілгені туралы ақпарат таратылуда. Хабарландырудағы сілтеме бойынша өткен пайдаланушылар ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен жоғары санаттағы кардиолог-дәрігер Махаббат Бекбосынова әзірлеген бірегей дәрі туралы жазылған сайтқа түседі. Ол пайдаланушыларға тегін ұсынылады. Мұның барлығы өтірік.

Қазақстанда артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін арнайы жеңілдіктер енгізілмеген. Жарнамалық сайтта берілген ақпарат жалған. Қазақстанда Еуропаға қарағанда күн сайын гипертониядан қайтыс болатындар саны көп емес. Мұндай статистика жоқ. Қазақстанда жарнама сайтында айтылғандай, ересек тұрғындардың 70%-ы емес. Гипертониктердің 93%-ы көз жұмады деген тұжырым дұрыс емес. Ғылыми мәліметтерге сәйкес, гипертониктердің өмір сүру ұзақтығы диагноз қойылғаннан кейін 20-30 жыл, ал дұрыс емдесе одан ұзақ тұрады.

Қазақстанда дәрігерлер гипертонияны емдеуден бас тартады деген де шындыққа жанаспайды. Елімізде артериялық гипертензиядан зардап шегетін адамдарға тегін дәрі-дәрмек толық беріледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлер гипертониктерге салғырт қарайды деп мәлімдемеген және оларға қажет ғажайып дәрілер әзірлеген емес.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Артериялық гипертонияны емдеуге арналған керемет препаратқа тапсырыс беруді ұсынатын сайт – фишингтік сайт. Яғни, пайдаланушының онда қалдырған деректері онлайн алаяқтардың қолына түседі. Мысалы, сайтта тегін “дәрі” алу үшін есіміңізді және телефон нөміріңізді қалдыруыңыз керек.

Бұл ақпаратты біле отырып, алаяқтар мобильді банкингке немесе басқа жеке деректерге қол жеткізуге тырысады.
Фишинг дегеніміз не және оны қалай тануға болатындығы туралы толығырақ біз бұрын жазған болатынбыз.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат- фейк. Жарнама алаяқтық сайтқа апарады, ондағы барлық ақпарат жалған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button